-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сапалы жол – қауіпсіз сапар кепілі

    30.12.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Сапалы жол – қауіпсіз сапар кепілі
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

          Облысымызда жыл басынан бері әр салада көптеген іс атқарылды. Соның бірі – жол саласы. Оның ішіне жолдардың күтіп-бапталуы, ақауларының жөнделуі, тазалығы сынды бірқатар қызмет кіреді. Біздің сөз еткелі отырғанымыз – жол сапасының тексерілуі жайы. Бұл қызметті «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» атты шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүзеге асырады. Аталған заңды тұлға 2019 жылы еліміздің 16 өңіріндегі «Облжоллаборатория» республикалық мемлекеттік мекемелерін біріктіру жолымен құрылды.

    «Облжоллаборатория» мекемесінің алдына қойған мақсаты – автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жасау, сондай-ақ жол активтерін басқару. Басқаша айтқанда, егер бұрын облыстық зертханалар республикалық жолдардың сапасын тексеріп, оның кемшіліктерімен күрескен болса, ендігі құрылған орталық барлық, жалпыға ортақ пайдаланатын жолдарды, оның ішінде жергілікті автомобиль жолдарын да тексеруді қамтиды.
    Осы мақсатта кәсіпорынға мына­дай қызмет түрлерін жүзеге асыру жүктелген. Атап айтқанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарындағы және елдімекендер мен қала көшелеріндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жасау, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа деңгейде жөндеуге ведомстволық сараптама жасау, автомобиль жолдарын диагнос­тикалау және аспаптық тексеру жүргізу, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол-көлік инфрақұрылымы қауіп­сіздігінің мониторингін жүргізу, жаңа технологияларды енгізу және тәжірибелік учаскелерді сүйемелдеу қызметі енгізілген.
    Осы ретте атқарылған істерге тоқталар болсақ, биылғы жылдың тамыз айына дейінгі уақыт ішінде облысты басып өтетін республикалық жолдардан 550 сынама алынып, оның 8-і талапқа сәйкес келмейтіні мәлім болған. Анықталған 149 ақаудың, 40-ы жойылмаған. Ал облыстық маңызы бар жолдардан 414 сынама алынып, оның 135-і талапқа сай емес болып шыққан. Ақаулар саны 20 болса, 19-ы жойылмаған. Әрине, бұл көрсеткіштер – жарты жыл бұрынғы деректер. Әзірге қолымыз жеткен мәлімет осы ғана. Алдағы уақытта жаңартылған мәліметтер бойынша да арнайы материал әзірленбек. Ендігі әңгімені жол сапасының қалай тексеріліп, сынаманың алынғанынан бастап, зертханада тексерістен қалай өтетініне тоқталсақ. Жолды тексеру белгіленген регламентке және кесте-жоспарға сәйкес жүргізіледі. Инженер жолдың жағдайын, геометриялық параметрлерін, жасанды құрамаларды және жол белгілерін арнайы құрылғылар арқылы тексереді және сынамалар алады. Сынамаларды KazRoadLab бағдарламасына енгізіп, зертханаға алып келеді. Әкелгеннен кейін ол сынамалар зертханада тексеріліп, тиісті нұсқамалар көрсетілген хаттамасы тапсырыс берушіге және мердігерге жолданады.
    «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалының дирек­торы Ержан Жасыбаев: «Біз сынамаларды алып, тексеріп береміз. Оның консистенциясы, қалыңдығы, тығыздығы, беріктігі – оның бәрі жоба бойынша. Тапсырыс берушімен келісім бар. Олар тапсырыс береді, біз шығамыз да жолдың тиісті бөлігін қазып, сына­масын алып келеміз де, химиясын, физикасын, суының, қоспаларының қанықтығын, ақауға әсер ететін фактор­ларды осы жерде анықтаймыз. Бір ескертетін нәрсе – облыстық маңызға ие жерге облыстық әкімдік, аудандық маңыздағы жолға аудан басшылығы қарайды. Ал республикалық жолға жауапты – «ҚазАвтоЖол». Ал біз «ҚазАвтоЖолмен» тікелей жұмыс істейміз. Бізде жол бойының қандай да бір жерінде ақаудың пайда болуын анықтайтын арнаулы аппараттар бар. Жолды пайдалану барысында пайда болған ақауларға біз жауап бермейміз. Оны мердігер және облыс болса облыс, аудан болса аудан әкімдігі қарап, қадағалап отырады. Басқаша айтқанда, комиссиялық тұрғыдан қарайды да, жыл аяғында мердігерге хабарласып, анықталған ақауларды тізімдеп көрсетіп, жою керектігін ескертеді», – деді.
    Мекеме басшысының айтуынша, құрылғылар мен зерттеу жүргізуге қажетті құрал-жабдықтар жақсы жағ­дайда, тексеру жүргізетін құралдар мен аспаптар заманауи және толық жабдықталып, жарақтандырылған. Асфальт төсемесінің жолтабанын анықтауға арналған құрылғы мен арнайы микроскоп қолданыста бар. Жалпы, бұл заманауи құрылғылар­мен елімізде санаулы зертханалар ғана жабдықталған. Сөз соңында асфальтқа қажетті материалдардың қайдан келетініне және олардың сапасына тоқталып өтейік. Қажетті материалдар кен орындарынан және битум зауыттарынан алынады. Олар да зерттеуден өтпей, өндіріске, пайдалануға жіберілмейді. Бүгінгі таңда еліміздің жолдарына пайдаланылып жүрген 4 битум зауыты бар. Атап көрсетер болсақ, Каспи битум, Қазақбитум, ПМХЗ және Асфальтобетон-1. Бұл зауыттардың әрқайсысынан шығатын битумның сапалық жағдайы маркасына қарай әртүрлі болып келеді. Бүгінгі күні инфрақұрылымның дамуына, жолға түсетін салмақ жүктемесінің артуына байланысты битумға арнайы модификаторлар қосу арқылы оның сапасын арттыру жүзеге асырылып жатыр.
    Атқарар шаруа баршылық. Әзірге мекеме атына айтылған сын-ескертпелер жоқ. Үнемі пайдалануда болғандық­тан, жолдың тексеріліп отырылуы да кешіктіруді күтпейтін іс. Демек, мекеме қарбаласы толастамақ емес.

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Ұсынымдар

    Алматы облысында жаңа автобус бағыттары ашылды

    Жанармай бағасы көтерілсе де, жолақы қымбаттамайды

    2 years ago
    Ескертпеден еш нәтиже шықпаған

    Ескертпеден еш нәтиже шықпаған

    2 years ago
    Қонаевта мәслихат депутаттарын сайлау өтуде

    Қонаевта мәслихат депутаттарын сайлау өтуде

    6 months ago
    Интернет-алаяқтыққа қарсы «Antifraud-орталық» жұмысының тиімділігі қандай?

    Интернет-алаяқтыққа қарсы «Antifraud-орталық» жұмысының тиімділігі қандай?

    7 months ago
    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД ІІМ АРДАГЕРІН МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД ІІМ АРДАГЕРІН МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.