-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Шешімін күткен мәселе көп

    23.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Мәслихат
    Шешімін күткен мәселе көп

    SONY DSC

    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    VIIІ сайланған Кеген аудандық мәслихатының 2024 жылы атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы ауыл халқы алдындағы есеп беру жиыны Тасашы ауылдық Мәдениет үйінде өтті. Оған аудандық мәслихат төрағасы Алмасбек Нұғман және ауыл тұрғындары қатысты.

    Жиынды Тасашы ауылдық округінің әкімі Ерболат Төребаев ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудандық мәслихат төрағасы Алмасбек Нұғманның есебі тыңдалды.

    – Кеген аудандық мәслихатының құрамында 11 депутат бар. Жергілікті мемлекеттік басқару институты ретінде мәслихаттар 1994 жылы құрылды. Биыл Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай аудан көлемінде ауқымды шара өткізілді. Кеген ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті 8 млрд 689 млн теңге болса, ауылдық округтердің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті 886 млн 717 мың теңгені құрады. Есепті мерзім ішінде аудан бюджетін қалыптастыру жұмысы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі талаптарына сай жүргізіліп, оны бекіту, өзгерістер енгізу туралы мәселелері 6 рет сессияда қаралды. Депутат жұмысының негізі – депутаттық сауал. 2024 жылы 51 депутаттық сауал тиісті мемлекеттік органдарға жолданып, жауабы алынды. Кейбір жайттар оң шешімін тапқан болса, ауыз су, жер (шабындық, жайылымдық, егістік), көшелердің ағымдағы, күрделі жөндеу жұмысы, түнгі жарығы, жұмысқа орналастыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек көрсету туралы мәселелер заң аясында қабылдауда болған азаматтарға түсіндірілді, – дей келе мәслихаттың жыл бойына атқарған жұмысына тоқталды.

    Жиын барысында ауыл тұрғыны Нұрқас Ысқақов ауызсу мәселесін тілге тиек етті. Ауылда су құбырларының  тозығы әбден жеткенін, соның салдарынан қақаған аязда бір апта сусыз қалғандарын алға тартты.

    Тасашы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарының олқы тұстарын жіпке тізген ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Рамазан Мырзағалиев мәслихат төрағасына халық атынан өтінішін білдіріп, білім ошағының құрылысын назарға алуын ұсынды.

    Жиынды қорытындылаған ауыл әкімі Ерболат Төребаев Тасашы ауылы мен Сарыкөл елдімекені арасындағы сегіз шақырымдық жол күрделі жөндеуді қажет ететінін, Сарыкөлдегі ауызсу құбыры да 2017 жылы салынып, аяқсыз қалғанын алға тартып, мәслихат төрағасына «осы қордаланған мәселелерді шешуге атсалыссаңыз» деген өтінішін жеткізді.

    Өз кезегінде Алмасбек Нұғман есеп беру жиынында айтылған ұсыныс–пікірлер ескеріліп, тиісті орынға жолданатынын және оның орындалуы қадағаланатынын айта кетті.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Желтоқсан оқиғасы: кім кінәлі?

    Бір арнаға тоғысса…

    7 months ago
    ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «АБЫРОЙ» ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

    ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «АБЫРОЙ» ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

    3 months ago
    Қазақ тілін үйретеді

    Қазақ тілін үйретеді

    12 months ago
    Қауіпсіздікті сақтау маңызды

    Қауіпсіздікті сақтау маңызды

    9 months ago
    Жол

    Алматы облысында жол жөндеуге 100 млрд теңге қажет

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>