-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Спорт саңлақтары марапатталды

    20.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Спорт саңлақтары марапатталды
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Қонаев қалалық Мәдениет үйінде жыл басынан үздік көрсеткіштерге қол жеткізген спортшылар марапатталды. Оларға «Хантәңірі – 2024» сыйлығы беріліп, сала үздіктері мен жаттықтырушыларға құрмет көрсетілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, әлемдік аренада көк Туымызды желбіреткен спорт майталмандарының есімін ілтипатпен атады, үлкен жеңістерді жіпке тізді.

    – Спорт саласы бойынша жыл қорытындысын саралау – атқарылған жұмыстың нәтижесін шығарып, болашаққа тың жоспар мен биік мақсат қоятын маңызды сәт. Биылғы жылдың басты спорттық жетістігінің бірі – Париж қаласында өткен 33-ші жазғы олимпиада ойындарында грек-рим күресінен  Демеу Жадыраевтың және бокстан Назым Қызайбайдың жеңіс тұғырынан көрінуі. Бұл өзге де спортшыларға үлкен мотивация беріп, жаңа белестерді бағындыруға жігерлендіргені сөзсіз.

    Алматы облысы биыл да халықаралық деңгейдегі ірі жарыстарды жоғары деңгейде ұйымдастырды. Атап айтқанда, стенд атудан «Азия кубогы», құсбегілердің «Сонар – 2024», суда жүзуден «Oceanman – 2024» және шахматтан «Qonaev Cup» халықаралық жарыстары біздің өңірде өтті. Бұл шаралар облыстың ұйымдастырушылық мүмкіндігінің жоғары екенін көрсетті. Жарыстарға әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар әсем табиғатымызға, инфрақұрылымымыз бен қонақжайлығымызға жоғары баға берді.

    Облысымызда спорт инфрақұрылымдарының дамуына ерекше көңіл бөлінуде. Биыл  Жамбыл ауданының Қарақастек, Еңбекшіқазақ ауданының Ащысай, Райымбек ауданының Сарыбастау ауылдарында спорт кешендері және Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені қолданысқа берілді. Аталған спорттық нысандар халықтың спортпен айналысуына жағдай жасап, жастардың жарқын болашағын қалыптастыруға ықпал етеді, – деген Марат Елеусізұлы спорт ардагерлеріне де өз алғысын жеткізді.

    Келесі кезекте сөз алған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ерболат Сарабеков жыл басында өңірдегі дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін бюджеттен 16 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, оның 245,7 млн ​​теңгесі материалдық-техникалық базаны нығайтуға бағытталғанын айтты. Сондай-ақ өңіріміздің 242 жетекші спортшысына облыс әкімдігінің 51 000 теңгеден 500 000 теңгеге дейінгі шәкіртақысы төленетінін тілге тиек етті.

    – Өңірімізде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындар саны жыл сайын артып келеді. Бүгінде ол облыс халқының 41,4 пайызын құрайды. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 2027 жылға қарай бұл көрсеткішті 50 пайызға жеткізу көзделуде. Аймақта  салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамытуға айрықша көңіл бөлінеді. Бұл мақсатта 4557 спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Спорт резервін дайындаумен 25 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі айналысады. Онда спорттың 67 түрі бойынша 23 мыңнан астам спортшы жаттығады. Бүгінде облыста 1891 спорт нысаны жұмыс істейді, келер жылға 15 спорт нысанының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды, тағы 4 нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде, – деді.

    Шара барысында өткен жылдың қорытындысы бойынша үздік шыққан спортшыларға ҚР Туризм және спорт министрлігінің төсбелгілері, облыс әкімінің, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының  Құрмет грамоталары табысталды. Жалынды да жігерлі спорт саңлақтары қомақты қаржылай сыйды қанжығаларына байлады. «Хан тәңірі – 2024» сыйлығы «Үздік спорт мектебі» аталымы бойынша Талғар қаласындағы №2 жасөспірімдер спорт мектебінің директорына табысталды. Облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы «Үздік федерация» деп танылса, Кеген аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі «Биылғы жылдың үздік бөлімі» атанды.

    Салтанатты шара өңір өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, ел намысын асқақтатып, көк Туымызды тұғырға көтеруден тынбаған хас таланттардың мерекелік көңіл-күйін үстем етті.

    Құралбек СӘБИТОВ,

    Қонаев қаласы

     

    1 of 9
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

    5.

    6.

    7.

    8.

    9.

    Ұсынымдар

    Сан емес, сапа маңызды

    Сан емес, сапа маңызды

    6 months ago
    Қазақстандағы алғашқы ұшқыр бәйге жарысы Алматы облысында өтті

    Қазақстандағы алғашқы ұшқыр бәйге жарысы Алматы облысында өтті

    2 years ago
    Алматы облысында шомылу маусымы басталғалы 10 адам суға батып кеткен

    Алматы облысында шомылу маусымы басталғалы 10 адам суға батып кеткен

    2 years ago
    Абай облысында жоғалған тұрғынның мәйіті табылды

    Абай облысында жоғалған тұрғынның мәйіті табылды

    2 years ago
    Бірыңғай уақыт белдеуі қай жағынан тиімді?

    Бірыңғай уақыт белдеуі қай жағынан тиімді?

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.