Перейти к содержимому

Арна ауылындағы сайлау учаскесінде заң бұзушылық тіркелген жоқ

Бұл туралы №955 сайлау учаскесінің төрағасы Қалдықыз Есенбаева айтты.

«Жалпы сайлаушылардың саны – 591. Сағат 11.00-дегі дерекке сәйкес, мұнда 100 адам дауыс берді. Осы уақытқа дейін ешқандай заңбұзушылықтар тіркелген жоқ», – деді төраға.

Қалдықыз Есенбаеваның мәліметінше, Арна ауылында 1 ғана сайлау учаскесі бар. Сондай-ақ үйден бес адам дауыс береді. Олар үйден дауыс беру үшін алдын ала өтініш жазған. Мұнда 18 жасқа жаңа толған 1 сайлаушы тіркелген.

Alatau News