-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ

    16.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мереке, Өңір тынысы
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай Алматы облысында барлығы 30-дан астам іс-шара өткізілді. Жоспарға сәйкес қолға алынған игі шараға 5000-нан астам адам қатысып, отаншылдық рух пен елді, жерді сүюдің мән-маңызын арттыра түсті.

    Ақжолтай жаңалықтардың ішінде Райымбек ауданы Нарынқол ауылында Жастар ресурстық орталығының бой көтеруін ерекшелеп айтуға болады. Бұдан бөлек, Сарыбастау ауылында спорт кешені ашылып, өңір тұрғындарын қуанышқа бөледі. Дәл осындай игі іс Кеген ауданында да көрініс тапты. Бөлексаз ауылының тұрғындары енді өнер шараларын жаңа Мәдениет үйінде тамашалайды.

    Тәуелсіздікке тарту мұнымен түгесілмейді. Жамбыл ауданы Үлгілі ауылында жаңа Мәдениет үйі жұмысын бастады. Ал Ақтерек ауылы көгілдір отынға қосылып, бес отбасыға пәтер кілті тапсырылды. Бұл өңірде тұрғындарды қуантқан тағы бір жаңалық – Жамбыл ауылында көшелерге электр жарығының қосылуы болды.

    Мерекеге орай Балқаш ауданында көптеген отбасыға баспана кілті берілді. Жуық арада Талғар ауданының тұрғындарына да пәтер кілттерін табыстау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, аудан-қалаларда дөңгелек үстелдер, патриоттық акциялар мен спорт жарыстары ұйымдастырылды.

    Сонымен қатар, 15 және 16 желтоқсан күндері облыс аумағында көпбалалы отбасылар, қарттар, аз қамтылғандар мен мүгедектігі бар азаматтарға арналған 20-дан астам қайырымдылық акциясы, «Менің Елім – Менің Туым» тақырыбында акциялар, қоғамдық пікір көшбасшыларының, этнос өкілдерінің, депутаттар мен жастардың бейне құттықтаулары ұйымдастырылып, әлеуметтік желілер арқылы таратылды.

    Ұсынымдар

    «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы басталды

    «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы басталды

    2 years ago
    Кітапхана құлайын деп тұр

    Кітапхана құлайын деп тұр

    10 months ago
    Антикор: Биыл Алматы облысында 19 сыбайлас жемқорлық қылмысы жасалды

    Антикор: Биыл Алматы облысында 19 сыбайлас жемқорлық қылмысы жасалды

    2 years ago
    Президент: Алдағы жылдары ауылды дамытуға күш саламыз

    Ауылды дамыту – елді дамыту

    8 months ago
    Жетісуда сән-салтанатпен өткен Наурыз тойы

    Жетісуда сән-салтанатпен өткен Наурыз тойы

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.