-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тіл – татулық тірегі

    19.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік тіл
    Тіл тұғыры  отбасынан басталады
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

          Тіл – ұлттың ұлы игілігі. Кез келген халықтың болмыс-бітімі, өркениеттілігі, мәдениеті сол тілдің қолданыс ауқымдылығымен өлшенеді.  Тіл мемлекеттік маңызды мәселе болғандықтан, ол азаматтық патриотизм, мәдени тұтастық сияқты ұғымдармен тығыз байланысты. Тіл білу халықты, оның тарихын, тұрмысы мен әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін терең тануға жол ашады.

    Әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрметтеп, оны білгені жөн. Өйткені ол – Қазақстанда тұратын барлық этностарды біріктіруші фактор және елдің рухани қазынасының қайнар көзі. Сондықтан қазақ тілін меңгеру, осы тілде сөйлеу және қызмет ету барлық азаматтың бірін-бірі еркін түсінуіне, отаншылдық сезімнің қалыптасуына, Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауына алғышарттар қалыптастырады. Мемлекеттік тілді қолданып, үйренуде барлық сала қызметкеріне талап пен міндеттілік қажет. Сонда ғана қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде өзінің конституциялық мәртебесіне ие болады.
    Тіл үйретуде қазіргі техника мен заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы зор. Бұл ретте арнайы электрондық порталдар мен сайттарды, мобильдік қосымшаларды, дыбыстық көмекшілерді пайдалану орынды. Қазіргі уақытта қазақ тілін үйретуге және мемлекеттік тілде ақпараттар алуға арналған 13 IT-жоба қолданысқа енгізілді («Tilmedia.kz», «Balatili.kz», «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Тermincom.kz», «Emle.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpus.kz», «Qazcorpora.kz», «Qujat.kz», «Atau.kz», «Qazlatyn.kz», «Tilalemi.kz») және бұл сайттар мен порталдар көпшілікке қолжетімді.
    Мемлекеттік тіл үйренушілерді ынталандыру мақсатында тіл оқыту орталықтары оқытушыларының арасында А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқау, этнос өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы», журналистер арасында «Мемлекеттік тіл және БАҚ», мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері» республикалық сайыстары мен өзге ұлт өкілдерінің арасында «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы өткізіліп келеді.
    Қазақ тілі – қазір мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін, іс қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабы 1-тармағында «ҚР-дағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп бекітілген. Тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақ­стандық үлес қосуы қажет.
    Ел Президенті Қасым-Жомарт ­Тоқаев атап өткендей, қазақ тілінің  мемлекеттік  тіл ретіндегі рөлі артып, этносаралық қатынастардың тіліне айналатын кезең келеді. «Бұл деңгейге жету үшін бәріміз көп жұмыс істеуіміз керек. Қазақ тілінің бай қоры  мен оның  ішкі мүмкіндіктері тұтынушының тілдік сұранысын толық қанағаттандыратын мақсатқа жетуі керек. Бұл міндетті шешуге ­Қазақстанда тұратын барлық азаматтар қосылуға тиіс», – деді Президент.
    Кеңес одағының батыры, жазушы  Бауыржан Момышұлы «Өз ана тілін  білмейтін адам – тамырын білмейді»  деген. Ана тілін білмейтін адам өзінің тарихын, мәдениеті мен дәстүрін білмейді. Сондықтан әр адам тілді көздің қарашығындай қорғауы керек. Мемлекеттік тілді білу – әрбір қазақ­стандықтың  қасиетті борышы.
    Тілдің қадір-қасиетін білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі.
    Кең-байтақ өлкемізді мекендейтін түрлі ұлттар мен ұлыстар Қазақстанды өз Отаны санайды. Тіл – тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен татулықтың кепілі.

    Айжан Сыздықова,
    облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы
    Шелек ауылдық округі ­филиалының оқытушысы
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Қонаевта елдегі ең үлкен скейт парк ашылды

    Қонаевта елдегі ең үлкен скейт парк ашылды

    2 years ago
    Қапшағай көлінде адасып кеткен жастар аман-есен табылды

    Қапшағай көлінде адасып кеткен жастар аман-есен табылды

    2 years ago
    Қонаевта әуе шарлары фестивалі өтеді

    Қонаевта шарлар фестивалі демеушілер қаржысына өтетін болды

    2 years ago
    Верховный Суд не отменял запрет на ношение платков в школах

    Верховный Суд не отменял запрет на ношение платков в школах

    8 months ago
    Табиғат түзген туынды

    Тамсандырған, ән салдырған!

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>