-13 °c
Qonaev
Thursday, July 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Үздіктер үкіленді

    27.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Үздіктер үкіленді
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Балалардың білім мен ғылымға қызығушылығын арттырып, болашаққа нық қадам басуына ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың алар орны ерекше. Жарыс жеңімпаздары еліміздің үздік мектептерінде білімін жалғастыруға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының грантын иеленуге мүмкіндік алады.

    Биыл өңірден білім сайысына 15 525 оқушы қатысуға ниет білдірген. Республикалық кезеңге жолдама алған 63 баланың 41-і жүлделі орындардан көрініп, ІІ республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша Алматы облысының командасы алға шықты.

    «Білекті бірді, білімді мыңды жығатынын» дәлелдеп, білім сайысында үздіктер қатарын толықтырған оқушылар мен олардың ата-аналарын, олимпиадаға дайындаған мұғалімдерін Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Байеділов қабылдап, жеке кездесу өткізді.

    «Еңбекшіқазақ ауданы – халық саны жағынан алдыңғы қатардағы аудандардың бірі. Бүгінде бізде 55 мыңнан астам оқушы бар. Балалардың сапалы білім алуы, заманға сай мектептердің бой көтеріп, саны артуы үшін қолдан келген шаруаны жасап жатырмыз. Биылдың өзінде жеке инвесторлардың қаражатымен ауданымызда үш мектеп қолданысқа берілді», – дей келе аудан әкімі білімді ұрпақ тәрбиелеп отырған ата-аналарға және ауданның ғана емес, облыстың абыройын асқақтатқан оқушыларға Алғыс хат пен арнайы сертификат табыстады.

    «Ұстаздармен бірлесе жұмыс атқарып, балаларыңызға оң бағыт-бағдар беріп, әрдайым қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысым шексіз», – деген аудандық білім бөлімінің басшысы Арайлым Төлеубекова ата-аналарға құрметін білдіріп, оқушыларды жеңісімен құттықтады.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ,

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Қазақстан президенті: Аралды қорғау қорына көбірек қолдау қажет

    Қазақстан президенті: Аралды қорғау қорына көбірек қолдау қажет

    2 years ago
    “Мектепке жол” республикалық қайырымдылық акциясы басталды

    “Мектепке жол” республикалық қайырымдылық акциясы басталды

    2 years ago
    Аурухана бой көтеруде

    Аурухана бой көтеруде

    1 year ago
    Антына адал жас сарбаз

    Антына адал жас сарбаз

    2 months ago
    Шарындағы түйткілдер қашан шешіледі?

    Шарындағы түйткілдер қашан шешіледі?

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.