-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Ұрпағына үлгі

    10.12.2024
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы, Руханият
    Ұрпағына үлгі
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

           Жан жадыратарлық жақсы істерімен көрініп жүрген көненің көздері Қарасай аумағында аз емес. Соның бірі Іргелі ауылдық округіне қарайтын ауылдық ардагерлер және аналар ұйымы екенін атап айтқан артық болмайды.

    Аталған ұйымдар соңғы жылдары апта сайын болмаса да, ай сайын игілікті іс-шараларды шығармашылық ізденіс деңгейінде жүзеге асырып келеді. Атап айтқанда, ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына дарытып, оны одан әрі дамыту жолында елең еткізер жаңалықтарымен жұртшылық көңілінен шығып жүр.
    Осы ретте ардагерлердің ұйымдастыруымен ауылдық Мәдениет үйінде «Ұрпағыңа үлгі бол!» атты тақырыпта ізгілікті шара өтті. Кештің беташарын Іргелі ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Егінбек Егеубеков пен әжелер ұйымының төрағасы Райса Сығаева ашып, көпшілікті толғандырып жүрген ұлттық құндылықтарға қатысты мәселелерге жан-жақты тоқталды. Ұрпақ тәрбиесін ұлы борышы санаған аға буынның бұл бағытта атқарып жатқан жұмыстары аз емес екенін, жетістіктермен қатар көзге көрініп жүрген кемшіліктердің кездесіп жататынын ауылдың ардақты ақсақалдары ­Пазыл ­Тәжмұрат, Ерсін Қалаубек, ауыл ақсақалдары ­Беделбек ­Жаназаров, Бақыткерей ­Жетпісбаев, ардақты ана Анаркүл Нұржанова, Болат ­Бұршақбаев, Зиятбек ­Оразқұлов және тағы басқалары ортаға салып, ой-пікірлерімен бөлісті.
    Іс-шараның соңынан ауылдың ғана емес, ауданның мақтанышына айналған ­«Дархан-Дария» ансамблі өнер көрсетті. Ансамбль мүшелері ­Бақытгүл Битманова, Дәмегүл Мұсаева, Гүлзағила Барлықова, Шара Оспанованың шырқаған әндерін жиналғандар сүйсіне тыңдады. Сөйтіп, іргеліліктердің игілікті ісі елді ерекше ықыласқа бөледі.

    Қанат ТӘКЕБАЕВ,
    ардагер-журналист
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Тілсіз жаудан құтқарды

    Тілсіз жаудан құтқарды

    10 months ago
    2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды

    2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды

    5 months ago
    Қазақстандық стенд атушылар Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

    Қазақстандық стенд атушылар Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

    2 years ago
    Газдандыру қарқын алады

    Биыл 17 мектеп пайдалануға беріледі

    4 months ago
    Бес нүкте – бес шеберлік сабағы

    Бес нүкте – бес шеберлік сабағы

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.