-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа бөлімше ашылды

    18.12.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Жаңа бөлімше ашылды

    SAMSUNG CAMERA PICTURES

    0
    SHARES
    6
    VIEWS

         Жамбыл ауданында «ЦентрКредит» банкінің бөлімшесі жұмысын бастады. Ұзынағаш ауылының орталық көшесінде қоныстанған кеңсенің лентасын қию рәсіміне банк басшылығы, қаржыгерлер мен кәсіпкерлер, аудан жұртшылығы қатысты.

    Салтанатты шарада аудан әкімі ­Нұрлан Ертас аталған банк бөлімшесі дәл уақытында ашылғанын атап өтті. Өйткені ауданда заман талабына сай қаржылық қызметке деген сұраныс артып келетінін жеткізді.
    – Мұның өзі Президенттің халыққа қажетті қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға берген тапсырмасымен үндеседі. Ауданда 10 мыңнан астам орта және ірі кәсіпорындар бар. Олардың заманға сай ары қарай дамуында банк қызметінің маңызы зор. Бизнесті қаржыландыру әсіресе шаруа қожалықтары үшін аса қажет. Ұзынағашта екінші деңгейлі бес банктің бөлімшесі жұмыс істейді. Бұл бөлімше де халыққа сапалы қызмет көрсетіп, қаржылық тұрақтылықты сақтауға көмегін тигізеріне, аудан экономикасына серпін береріне сенім зор, – деді аудан басшысы.
    Жиында ҚР Ұлттық банкінің облыстағы басшысы Жалғас ­Қасымбеков «ЦентрКредит» банкінің еліміздегі алдыңғы қатардағы танымал қаржы институтының бірі екенін атап өтіп, әріптестеріне жеке және заңды тұлғаларға жоғары деңгейде қызмет көрсетіп, табысты жұмыс істеуіне тілектестігін білдірді. Сондай-ақ «ЦентрКредит» банкінің басқарушы директоры Асхат Сүйіншиев сөз алып, бұл еліміздегі 156-шы бөлімше екенін жеткізді. Оның ашылуына қолдау білдірген Жамбыл ауданының және Ұлттық банктің басшылығына алғыс айтты.
    Ал аталған банктің облыстық филиалының басшысы Манат ­Байқонысова бұған дейін өңірде Қонаев, Қаскелең, Талғар, Есік қалалары мен Өтеген батыр ауылында бөлімшелер жұмыс істеген болса, жамбылдықтарға да ыңғайлы болуы үшін алтыншысы іске қосылғанын жеткізді. Аудандағы ­әлеуметтік-­экономикалық маңызды міндеттердің орындалуына үлес қосатын Ұзынағаш бөлімшесі өз жұмысын бастағалы жеке кәсіпкерлерге 12 несие рәсімдеп үлгергенінен көпшілікті хабардар етті.
    Кеңсенің лентасы қиылып, келген қонақтар ішін аралап көріп, жұмысымен танысты. Енді жамбылдықтар алысқа бармай-ақ жақын орналасқан бөлімшеден банк қызметіне жүгіне алады. «ЦентрКредит» банкі өз клиенттеріне кең ауқымды қызметтер ұсынады, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға несие беру, депозит ашу, төлем қызметтері және басқа да қаржылық шешімдер бар.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Асханасы жоқ мектептерде тамақтанудың 3 тәсілі қарастырылып жатыр

    Асханасы жоқ мектептерде тамақтанудың 3 тәсілі қарастырылып жатыр

    2 years ago
    Алматы облысы бейнеленген карта. Көрнекі сурет.

    Алматы облысында жер сілкінді

    2 years ago
    Онлайн саудадағы алаяқтықтан қалай сақтану керек?

    Онлайн саудадағы алаяқтықтан қалай сақтану керек?

    2 years ago
    «Алтын белгі» иегерлері марапатталды

    «Алтын белгі» иегерлері марапатталды

    2 years ago
    Орны бөлек онкүндік

    Орны бөлек онкүндік

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.