-13 °c
Qonaev
Monday, August 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жастар орталығы ашылды

    05.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Қоғам
    Жастар орталығы ашылды
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

         Балқаш ауданында Жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды. Салтанатты шараға аудан әкімі Азат Құтпанбетов, облыстық мәслихат депутаты Сұлтан Нұрдәулетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев, мәслихат төрағасы Кәдірбек Омаров қатысты. Сондай-ақ мекеме-ұйым қызметкерлері, аудан жастары мен тұрғындары жайдарман жаңалықтың куәсі болды.

    Ашылу рәсімінде алғашқы болып сөз сөйлеген Азат Үкітайұлы аудан орталығынан сәні мен сәулеті жарасқан ғимараттың бой көтеруіне облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің ықпал еткенін айтып, ризашылығын білдірді. Аталмыш орталықта аудан жастарының жаңа идеялары мен жобаларына бағыт-бағдар берілетінін, түрлі мәселелер бойынша көмек көрсетілетінін атап өтті. Әрі бұл жастардың бос уақытында бір мезет демалып, әрі білімін жетілдіретін, өзара пікір алмасып, күш-жігер біріктіретін, ортақ іске жұмылатын орын болмақ.
    Келесі кезекте сөз алған облыстық мәслихат депутаты Сұлтан Нұрғайыпұлы мемлекетімізде жастарға жасалып жатқан жағдайлар тура­сында айтып, аудан өрендерінің биік белестерді бағындыруларына тілектестігін жеткізді. Ал жастар атынан сөз сөйлеген Нұржігіт Кенжеұлы шексіз қуанышын жеткізіп, облыс және аудан әкімдігіне ризашылығын білдірсе, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев жиналған көпшілікке ақ батасын берді.
    Ғимараттың лентасы қиылған соң, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Мақсат Кеңешев пен аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Сымбат Нұрпейіс құрметті қонақтарға орталықтың бөлмелерін аралатып, таныстырып шықты.
    Жаңа ғимаратта жастардың түрлі іс-шараларды өткізулеріне арналған конференция залы және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жабдықталған спорт залы, интернет клуб бар. Бөлмелердің бәрі заманауи құрылғылармен жабдықталған.
    Ертеңгі ел тізгіні – бүгінгі жастардың қолында. Олай болса, жастарға қолдау көрсету – баршамызға парыз.

    Бақтығали Дәуітбаев
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Заңсыз саудамен күрес

    Заңсыз саудамен күрес

    1 year ago
    Шатқалдағы шара

    Шатқалдағы шара

    1 year ago
    Энергия тапшылығы сезілуде

    Болашаққа батыл қадам

    11 months ago
    Ескертпеден еш нәтиже шықпаған

    Ескертпеден еш нәтиже шықпаған

    2 years ago
    Шаруашылығы шалқыған

    Шаруашылығы шалқыған

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>