-13 °c
Qonaev
Saturday, May 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ескертпеден еш нәтиже шықпаған

    01.08.2023
    in Барлық жаңалықтар, Жолдың жайы, Инфрақұрылым, Өңір тынысы, Туризм және саяхат
    Ескертпеден еш нәтиже шықпаған

    фото: Жұмабай Мұсабеков

    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласында жаңадан салынып және күрделі жөндеуден өтіп жатқан құрылыс нысандарын кезекті рет аралап шықты.

    Алдымен қалалық орталық саябақтағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан облыс басшысы «Ремпуть компаниясы» мердігер мекемесі тарапынан осы уақытқа дейін атқарылған істерге көңілі толмайтынын жасырмады.

    «Бас қақпадан кірген кездегі баспалдақтар талапқа сай орнатылмаған. Саябақ ішіндегі жүргіншілерге арналған жолдың төсемелері қисық, кейбір жері еңіс болып кеткен. Жауын-шашын болғанда онда су жиналып, жүргіншілерге қолайсыздық тудырады. Бұған адам еңбегі мен қаражат жұмсалып жатыр. Суарылмағандықтан 20 жылдан бері өсіп тұрған ағаштар қурап, жасыл желектер солып барады. Осылай жалғаса берсе, саябақ жаңарудың орнына мүлдем жойылып кетуі мүмкін. Қара топырақ төгіп, гүл егеміз дейсіздер. Жаз ортасынан ауғанда қайдағы гүл егуді айтып тұрсыздар?! Амфитеатрдағы көрермендер отыратын орынның күнқағары мен қоршауы қаңылтырдан жасалуда. Едені бетон екен. Өте ыстық, ауасы тар орында адамдар қалай отырады? Нысан облыс орталығының саябағына лайықты болуы керек екенін бұған дейін бірнеше мәрте келіп ескерттім. Үшінші рет келгенімде де осыған дейінгі ескертпелерден нәтиже шықпаған, ешбір өзгеріс байқалмайды», – деді Марат Елеусізұлы.

    Сонымен бірге, компанияның мұндай құрылыс жұмыстарын жүргізуден тәжірибесі жоқтығы анық аңғарылып тұрғанын тілге тиек етіп, Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаевқа қурап кеткен әрбір ағашты есепке алып, мердігер мекемеге айыппұл салуды, салғырттыққа салынған мердігерді бұл жұмыстан шеттетіп, басқасын қарастыруға тапсырма берді.

    Скейт-паркті, Жеңіс саябағын және Жамбыл көшесінің Қонаев көшесімен қиылысатын тұсынан қалалық жағажайға дейінгі жасыл желектерді қарап шыққан әкім тиісті сала өкілдеріне жасалған дүниелердің бүлінбей, ел игілігіне пайдалануына көңіл бөлу керегін, бейнекамера орнату қажет екенін баса айтты. Одан кейін облыс әкімі №5 жағажайға барды. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан бас мердігер – «Urban Complete» ЖШС басшылары жұмыс жоспарымен таныстырып, салынып жатқан нысандарды көрсетті. Жағажай салынып біткен соң коммуналдық меншікке беріліп, мұндағы қызмет тегін болады. Пайдалануға берілгеннен кейін шомылу маусымында ғана емес, жылдың барлық мезгілінде түрлі іс-шаралар өткізуге мүмкіндік туады. Жағажайдың кіреберісінен көл жағасына дейінгі аралықта бассейн, көлік пен жаяу жүргіншілер жолы, көлік тұрағы, жуынатын кабиналар мен футбол алаңының құрылысы жүріп жатыр. Негізінен облыс аумағында өндірілген құрылыс материалдары пайдаланылуда. Су, кәріз, арық жүйелері салынуда. Көгалдандыру жұмыстары басталған. Алғашқы газон егіліп, суарылуда.

    Жағажайдан шыққан аймақ басшысы күрделі жөндеу жұмысы жүріп жатқан С.Сейфуллин көшесінде аялдады. С.Сейфуллин көшесінде «AGRO FOOD» мекемесінен бастап шлагбаумды теміржол өткелі алдындағы айналма жолға дейін 5 шақырымға жуық 4 жолақты көлік жолы күрделі жөндеуден өткізілуде. Көше бойында соңғы үлгідегі 14 аялдама орнатылып, жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, спорт алаңдары салынады. Жұмысқа 3 бригада, 34 техника жұмылдырылған. М.Сұлтанғазиев 1 қыркүйекке дейін шлагбаумды теміржол өткеліндегі жол реттеушіге арналған жаңа ғимаратты пайдалануға беріп, бұрынғысын сүріп тастауды, теміржолдың екі жағындағы жаңа жолақты жолды тез арада қосуды шегелеп айтты. Сондай-ақ, аялдамаларды ынта білдірген кәсіпкерлерге беріп, оларға жоба аясында мүмкіндік жасауды ұсынды.

    Келесі кезекте Марат Елеусізұлы күрделі жөндеу жұмысы жоспарланып отырған қалалық балалар емханасына бас сұғып, ұжым қызметкерлерімен дидарласты. Қалалық аурухананың директоры Айман Ғалымжанқызы мен аталған емхана меңгерушісі Елдана Әбенова қонақтарға ғимаратты аралатып, тарихымен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Емхана орналасқан балық шаруашылығы кешені қызметкерлерінің жатақханасына арнап салынған ғимараттың іргесі 1974 жылы қаланған. Келесі кезекте облыс әкімі қалаға кіреберістегі барыс скульптурасы алаңын көріп, қаладағы кәріз тазарту құрылғысының жұмысымен танысты. Жалпы аумағы 3 гектарды алып жатқан, 10-ықшамаудандағы құрылысы 2021 жылы мамыр айында басталып, бүгінде бітуге таяп қалған 900 орынды, үшқабатты мектепке атбасын бұрған облыс әкімі нысанның спорт залын, мәжіліс залын, асханасы мен бірқатар сынып бөлмелерін аралап көріп, мердігер мекеме – «Корпорация АҚ ордасы» ЖШС басшылығына бірқатар сын-ескертпе жасады.

    Одан әрі Марат Сұлтанғазиев теңіз өнімдерін өсіруге арналған «Оспанова Девелопмент» ЖШС балық өнеркәсібі кешенінің құрылысымен танысты. Теңіз өнімдерін еліміз бен шетелге сатумен айналысатын кешен толық іске қосылған кезде 500 адамды жұмыспен қамтиды. Бірінші кезеңде жылына 1000 тонна, екінші кезеңде 10000 тонна өнім өндіріледі. Қуаты жылына 10 мың тонна өнімді құрайды. Бірінші кезеңді аяқтау үшін барлық қажетті жабдықтар орнатылып, соңғы ұсақ-түйек жұмыстары қалған. Кәсіпорында суды үнемді пайдалану мақсатында ірі тазарту қондырғысы салынған. Электр энергиясына қосылып, бу қазандығының құрылысы бітіп, табиғи газға қосылмақ. Ендігі кезекте құзырлы орындардан рұқсат алу мен әкімдікте бірқатар құжаттар рәсімделуі керек. Сонымен қатар, инвестор осы аумақта азық-түлік өндіретін кәсіпорын ашуды жоспарлап отыр.

    Айжарық Көптілеуов,
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Алатау қаласының даму жоспары әзірленді

    Алатау қаласының даму жоспары әзірленді

    1 year ago
    Қазақ манасшысына құрмет

    Қазақ манасшысына құрмет

    5 months ago
    Сақтанған сан соқпайды

    Сақтанған сан соқпайды

    1 year ago
    Жолдауға қолдау көрсетейік

    Президент әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

    6 months ago
    Биыл қандай алаяқтық түрлері кең тарады?

    Биыл қандай алаяқтық түрлері кең тарады?

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.