Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / «Қауіпсіз үй» – отбасындағы тыныштық

«Қауіпсіз үй» – отбасындағы тыныштық

78 қаралым

Отбасындағы тыныштық пен татулық – әр адамның алаңсыз өмір сүруінің негізі. Алайда тұрмыстық жанжал мен зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін мәселені дер кезінде байқап, оған бейжай қарамау маңызды. Осы бағыттағы жұмыстарды күшейту мақсатында Ұйғыр ауданында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 5 қазанынан 5 қарашасына дейін жалғасатын іс-шара отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, құқықбұзушылықтардың жолын кесуге және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Осы кезеңде Ұйғыр ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері аудан аумағында профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, отбасындағы жанжалдардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу және бұрын құқық бұзған азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында жұмыс атқаруда. Сонымен қатар қиын жағдайға тап болған азаматтарға қажетті көмек көрсету мен олардың құқықтарын түсіндіруге де назар аударуда.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Ұйғыр ауданы

↑