-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алдағы міндеттер айқындалды

    20.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Партия
    Алдағы міндеттер айқындалды
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

           «АMANAT» партиясы бақылау комитетінің көшпелі отырысы Алматы облысынан бастау алды. Облыстық әкімдіктің мәжіліс залында өткен жиында партияның сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы талқыланып, аймақтағы өзекті мәселелер көтерілді.

    Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев партияның 2023-2027 жылдар аралығында жүзеге асатын «Халықпен бірге!» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстармен танысып, аймақтағы салынып жатқан Мәдениет үйлері мен мектеп ғимараттарының құрылысы жайлы сөз қозғады. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Жол картасы бойынша аймақта жүзеге асқан жұмыстар жөнінде есеп берді. Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен облыстық басқарма басшылары, құзырлы орган өкілдері қатысты.
    Астанадан келген қонақтар алдымен өңірдегі маңызды инвестициялық жобалардың бірі – «Оспанова Девелопмент» компаниясының балық өнеркәсібіне атбасын бұрды. Кешеннің қазіргі жұмысымен танысқан партиялық бақылау комитетінің мүшелері өндіріс процесін көріп, ондағы жұмысшылардың еңбек жағдайын сұрады. Жалпы құны 67,3 млрд теңгені құрайтын «Оспанова Девелопмент» «АMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Бірінші кезең аясында 500 жаңа жұмыс орны ашылып, заманауи технологиялар арқылы балық шаруашылығын дамытуға және экспорттық әлеуетті арттыруға қызмет жасауда. Бақылау комитетінің мүшелері кешеннің өңір экономикасына қосқан үлесі туралы сұрап, жобаның жүзеге асырылу барысы жөнінде пікір алмасты.
    Сонымен қатар мұндай жобалар тек экономиканы дамытуға ғана емес, жаңа жұмыс орындарын құру арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға да ықпал ететінін айрықша атап өтті.
    Облыстық әкімдіктің мәжіліс залында өткен партияның көшпелі отырысын партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев ашып, жүргізіп отырды. Алғашқы болып сөз алған облыс әкімі Марат Елеусізұлы партияның өңірді дамытудағы маңызын атап өтіп, партияның сайлауалды бағдарламасы аясында аймақта атқарылған жұмыстарды жіпке тізді.
    – «AMANAT» партиясының Алматы облысы бойынша сайлауалды бағдарламасы – аймақты өркендетудегі басты құрал. Бұл құжат халықтың көкейкесті мәселелерін шешуге және облыстың теңгерімді дамуына ықпал етуде. Соңғы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы – осының айқын дәлелі. Мәселен, соңғы екі жылда 590 млрд теңгеге 128 жоба жүзеге асырылды. Биыл 515,4 млрд теңгеге 23 инвестициялық жоба қолға алынып, нәтижесінде 7 894 жаңа жұмыс орны ашылды, – деді аймақ басшысы.
    Келесі сөз кезегін алған партиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Майра Айсина өңірдегі партиялық бағдарламалар төңірегінде жүргізілген жұмыстардың жайын алға тартты. Белгіленген мерзімде қолданысқа берілмеген нысандар, сақалды құрылыс атануға шақ қалған мекемелер жайлы сөз қозғап, құрылыс қарқынын бәсеңдеткен мердігерлерді жауапқа тарту қажеттігін тілге тиек етті.
    Келесі болып мінберге көтерілген «AMANAT» партиясы облыстық филиалы депутаттық фракциясының жетекшісі Лаззат Тұрлашов пен онлайн байланысқа шыққан «Самұрық-Қазына Құрылыс» АҚ Басқарма төрағасының ұлттық жоба және өңірлік даму жөніндегі орынбасары Қуат Жілікбаев бағдарлама аясында атқарылатын жұмыстардың жайын тарқатты. Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев партия жұмысының тиімділігін арттыру үшін нақты ұсыныстарын ортаға салды. Ол өз сөзінде:
    – Соңғы жылдары өңірлерде атқарылған жұмыстар айтарлықтай нәтиже беріп жатыр. Дегенмен әлі де көп мәселені шешу қажет. Бастысы – партия бағдарламасының әр тармағы нақты жүзеге асырылып, халыққа шынайы пайдасын тигізуі керек. Біз тұрғындардың қажеттілігін әрдайым бірінші орынға қоямыз. Осы мақсатта халықпен кері байланысты күшейтіп, әрбір сұраққа жедел әрі сапалы жауап беруіміз қажет, – деп аймақтағы әрбір жоба ашық әрі әділ жүзеге асуы үшін бақылауды күшейту қажеттігін айтты.
    Жиын соңында өңірдің әлеуметтік, экономикалық, инфрақұрылымдық даму жайы талқыланып, алдағы жылда атқарылар негізгі міндеттер айқындалды.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Облыста төселген жолдарда олқылық көп

    Облыста төселген жолдарда олқылық көп

    2 years ago
    Алматы облысында үздік тауар көрме-байқауы өтті

    Алматы облысында үздік тауар көрме-байқауы өтті

    2 years ago
    Ағайын құшақ ашқан күн

    Ағайын құшақ ашқан күн

    2 years ago
    «Сафи тәттілері»  тіл үйіреді

    «Сафи тәттілері» тіл үйіреді

    3 months ago
    Жоспарға сай

    Жоспарға сай

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>