-13 °c
Qonaev
Monday, June 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында ұстаздарға қолдау жоғары

    30.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Алматы облысында ұстаздарға қолдау жоғары
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Алматы облысында білім беру жүйесі кейінгі жылдары айтарлықтай жаңғырып, ұстаздарға жасалған қолдау шаралары білім сапасының артуына ықпал етіп келеді.

    Мұғалімдер күніне орай өткен баспасөз конференциясында Алматы облыстық әдістемелік орталығының директоры Гүлжихан Иманхатова ұстаздардың қоғамдағы рөліне ерекше тоқталып, олардың еңбегін атап өтті.

    “Мұғалімдер күні – бұл ұстаздардың қоғамдағы еңбегін бағалайтын ерекше күн. Алматы облысында білім беру саласына салынған инвестициялар болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына зор мүмкіндік туғызып отыр. Соның арқасында үш ауысымды мектептердің саны 52 пайыздан 39 пайызға дейін қысқарды. Сонымен қатар, Болат Өтемұратов қорының қолдауымен Еңбекшіқазақ ауданында екі жаңа мектеп ашылды,” – деді Гүлжихан Иманхатова.

    Бүгінгі күні аймақта 31 680 мұғалім аттестациядан өтіп, олардың 95 пайызы «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттарына ие болды. Сонымен қатар, «Жылдың үздік мұғалімі» байқауы мен «Үздік педагог» конкурсы жыл сайын ұйымдастырылып, облыс ұстаздары жоғары марапаттарға ие болып келеді.

    “Мұғалімдерге жасалған қолдаудың арқасында олардың кәсіби деңгейі артып, бұл оқушылардың білім сапасын жақсартуға тікелей әсер етіп келеді. Әсіресе, жаңа әдістемелерді меңгеру және қолдану арқылы мұғалімдер заманауи талаптарға сай білім беріп, қоғамның дамуына үлес қосуда”,– деді Шоқан Уәлиханов атындағы №2 гимназияның ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Салтанат Сүйіндік.

    Сонымен қатар, «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасы аясында «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасына қатысуда. Бұл жоба шеңберінде облыстағы 112 мектепте 6 019 педагогтың біліктілігін арттыру курстары өткізіледі.

    Ұстаздардың кәсіби біліктілігінің арқасында, Алматы облысының оқушылары да жоғары жетістіктерге жетіп келеді. Биылғы жылы 12 оқушы Қытай университеттерінде грант жеңіп алып, білім алуға мүмкіндік алды. Олардың жоғары деңгейдегі білімге қол жеткізуі – ұстаздардың үздіксіз еңбегінің нәтижесі.

    Бұдан бөлек, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қарасай ауданында 3600 орындық үш мектеп ашылып, облыс көлемінде 19 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұл бастамалар оқушыларға сапалы білім алу үшін қолайлы жағдай жасап, облыстағы білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.

    Ұсынымдар

    Өңір әлеуеті зор: Облыс әкімінің Қарасай ауданына сапары қалай өтті?

    Өңір әлеуеті зор: Облыс әкімінің Қарасай ауданына сапары қалай өтті?

    2 years ago
    Құмар ойын құрдымға құлатады

    Құмар ойын құрдымға құлатады

    1 year ago
    Халықтық штаб Гүлдала ауылының тұрғындарымен кездесті

    Халықтық штаб Гүлдала ауылының тұрғындарымен кездесті

    9 months ago
    Ғасыр шежіресі. Шалкөде мектебінің 100 жылдық мерейтойы қалай өтті?

    Ғасыр шежіресі. Шалкөде мектебінің 100 жылдық мерейтойы қалай өтті?

    2 years ago
    Рухани тәрбие негізі

    Рухани тәрбие негізі

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.