-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында бірнеше заңсыз құрылыс анықталды

    24.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Облыста 19 тұрғынүй мен коммерциялық нысан заңсыз салынып жатыр – Прокуратура
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алматы облысында заңсыз құрылыспен күрес жалғасуда. Соңғы екі аптада мониторингтік топтар рұқсат құжаттары жоқ жеті нысанды анықтады. Құрылыстардың тағдыры енді сот шешімімен айқындалады. Барлық жиналған материалдар сотқа жолданды.

    «Заңсыз құрылыс – тек заң бұзушылық қана емес, тұрғындар қауіпсіздігіне төнетін қатер және қоршаған ортаға зиян. Біз бұл мәселеге немқұрайлы қарамаймыз және өз бетінше құрылыс салудың кез келген әрекетін қатаң тоқтатамыз», – деді Алматы облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы  Ғабиден Узенбаев.

    Жергілікті тұрғындар да бұл мәселеге алаңдаулы. Олар заңсыз құрылыстардың көбейіп бара жатқанын, бұл жағдайдың елдімекендердің көркін бұзып, өмір сүру сапасына кері әсерін тигізіп отырғанын айтады. Әлеуметтік желілерде заңсыз құрылыстардың суреттері мен бейнежазбалары жиі жарияланып, наразылық пікірлер туғызуда.

    Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы тексеру жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді. Заң бұзушылар айыппұл төлейді, ал заңсыз құрылыстар бұзылады. Айта кетейік, тек соңғы айдың өзінде құрылыс саласындағы заң бұзушылықтар үшін 8 843 324 теңге көлемінде айыппұл салынған.

    «Облыс тұрғындарын сақ болуға және заңсыз құрылыстың кез келген фактісі туралы хабарлауға шақырамыз. Тек бірлескен күш-жігермен ғана бұл теріс үрдісті тоқтатып, қолайлы өмір сүру ортасын сақтай аламыз», – деп қосты Ғабиден Узенбаев.

    Басқарма ресми сайты немесе сенім телефоны арқылы жасырын өтініш беру мүмкіндігі бар екенін еске салды. Әрбір өтініш мұқият тексеріледі. Аймақ билігі заңсыз құрылыспен күресуге бел буып, барлық тұрғындарды белсенді ынтымақтастыққа шақырады.

    Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Қонаевқа қоғамдық көлік жүрсе…

    Қонаевқа қоғамдық көлік жүрсе…

    5 months ago
    ҮШЕМ КЕЛДІ ӨМІРГЕ!

    ҮШЕМ КЕЛДІ ӨМІРГЕ!

    4 months ago
    Науқастарға 507 млн теңгенің дәрі-дәрмегі тегін берілген

    Науқастарға 507 млн теңгенің дәрі-дәрмегі тегін берілген

    6 months ago
    Жаңа мүмкіндік бастауы

    Жаңа мүмкіндік бастауы

    6 months ago
    Балаларды есірткіден сақтандыру керек – ІІМ

    Балаларды есірткіден сақтандыру керек – ІІМ

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>