-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қарғалы тәжі

    21.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Туризм және саяхат
    Қарғалы тәжі
    0
    SHARES
    26
    VIEWS

         Алматы облысында тарихтан сыр шертетін жәді­гер­лер аз емес. Қарғалы обаларынан шыққан бойы екі метрлік адам сүйегінің қаңқасы, 1930 жылдары қазіргі Наурыз елдімекені маңынан табылған алтын, күміс білезіктер – соның бір дәлелі.

    Өткен ғасырдың 70-жылдары Жамбыл аудандық «Екпінді еңбек», қазіргі «Атамекен» газетінде қызмет етіп жүрген кезімде атақты түркі­танушы, филология ғылымының докторы Ғайнеддин Мұсабаевпен бірге өңірдегі бірқатар тарихи ескерткішті бір апта бойы аралағаным әлі есімде. Қорабы салдырлаған (іші толған темір-терсек, алуан түсті тастар) көлігімен ескі қорымдарға барып, ойға шомып ұзақ тұрды. Маған биіктігін өлшетіп, қағазына жазып алды.
    Сапар барасында Дегерес жақ­тағы таңбалы тастарға да табан тіредік. Ондағы сан алуан суреттерге қызыға қарадық. Әрбір өрнек өткен­нен сыр шертіп тұр. Таңбалы тас­тарды санап, шегіне жете алмай жаңылыса бердік. Кеш те батып қалды. Ақтерек пен Тарғап жолы бойын­дағы «Доротельде» менің қайын ­інім тұратын. Сол үйге қонып, түнімен ғалымның ғибратты әңгі­месін тебірене тыңдадық. Менің Қарғалы ауылында тұратынымды біліп, осы жердің арғы-бергі тарихын ақтарып, бір көсіліп еді.
    Иә, Қарғалы – тұнып тұрған тарихи орындар мекені.
    1939 жылы осындағы Шұға ком­би­­на­­тының жұмысшылары аң аулап жүріп, ойламаған жерден тау шатқалындағы бір үңгірден алтын мен басқа да қымбат асыл тастармен безендірілген әшекейлер тауып алады. Оны ғалымдар диадема дейді. Диадеманың қазақшасы – алтынмен әрленген әйелдердің басына киетін тәжі. Ондағы әшекей бұйымдар саны 300-ге жуық болған. Біразы Алматыдағы мемлекеттік орталық музейде сақтаулы, қалғандары ұшты-күйлі жоқ болған. Қайда кетті, кім алды? Ол жағы белгісіз. Өлкетанушы Исламжан Иминов осыған іздеу салғанына біраз жыл болды. Мүмкін бір жерден хабары шығып қалар деп есептейді. Музейге тапсырылуын қалайды. Әшекей бұйымдарда ертедегі сақтардың, гректердің, қытай шебер­лерінің қолтаңбасы анық байқалады.
    Бұрынғы Қарғалы шұға комбина­ты­ның атшаптырым жері қазір бос жатыр. Бұл жердің табиғаты көздің жауын алады. Жаныңды жадыратады. Сұлулығына көз тоймайтын, тарихы тереңде жатқан осы маңға туристер аялдайтын орын салса, қандай керемет болар еді?! Тауда Кіші саз, Үлкен саз атты жұпар иісті кең жайлаулар бар. Аталарымыз «Қырық ирек» атап кеткен жолмен төмен түссең, қырғыздың Ақтұз өзені сарқырап ағып жатыр. Арғы беті – сыңсыған орман. Іші толған аң-құс. Демалыс орнын «Қарғалы тәжі» деп атасақ жарасып кетер еді. Осы ойымды көп жыл заңгер болып қызмет еткен комбинат директоры Айгүл Артығалиева да құптады. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін Исламжан талай есіктің табалдырығын тоздырды. Инвесторлар да бой көрсете бастады. Тек Туризм және спорт министрлігі жасыл шамын жақса, облыс, аудан басшылары бұл шараны қостайды деп ойлаймыз.

    Тұрсынбек Ешенқұлов,
    жазушы

    Ұсынымдар

    Ерлі-зайыпты сайлаушылар: Үміткерлердің мүмкіндіктерін таразылай отырып шешім қабылдадық

    Ерлі-зайыпты сайлаушылар: Үміткерлердің мүмкіндіктерін таразылай отырып шешім қабылдадық

    2 years ago
    Қонаев әкімі тұрғын үй мердігерін сынға алды

    Қонаев әкімі тұрғын үй мердігерін сынға алды

    1 year ago
    Мыңдаған азаматқа тегін көмек көрсетілді

    Мыңдаған азаматқа тегін көмек көрсетілді

    5 months ago
    Көшет отырғызу- көптің ісі

    Көшет отырғызу- көптің ісі

    1 year ago
    Қонаевта “Бірлік fest” фестивалі өтті

    Қонаевта “Бірлік fest” фестивалі өтті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>