☀️
0°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Діни ақпаратқа мұқият болайық!

    20.01.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Идеология, Құқық-заң
    Діни ақпаратқа мұқият болайық!
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Бұқаралық ақпарат құралдарынан елімізде терроризмді насихаттады деген жаңалықтарды көп байқауға болады. Дінді құрал ретінде пайдаланып бейбіт елде үрей мен дүрбелең тудыруға, кісі өлтіруге, мемлекетті басып алу мақсатында лаңкестік әрекетке шақыратын уағызшылар саны көбейген. Қазақстанда экстремизм мен терроризмге қарсы күреске айрықша көңіл бөледі.

    Әлеуметтік желілерде осындай терроризм идеясына, лаңкесттік әрекетке шақыратын материалдарды немесе тура сондай діни әдебиеттерді таратып не сақтаған адам ҚР қылмыстық кодексінің 256 бабына сәйкес жауапқа тартылады.

    ҚР Қылмыстық Кодексiнің 256-бабы бойынша, «Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру:

    1. Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру, сол сияқты көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату –

    мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 9 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

    1. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiк лидері жасаған не бұқаралық ақпарат құралдары немесе телекоммуникациялар желілері пайдаланыла отырып жасалған не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражат пайдаланыла отырып жасалған дәл сол іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

    Көбіне азаматтарымыз әлеуметтік желілерде осындай материалдарды таратқаны үшін сотты болып жатады. Лаңкестік әрекеттерге шақыратын аудио, бейне, мәтіндік материалдарды ғаламтор ресурстарында жариялаудың, экстремистік мазмұндағы ақпараттарды әлеуметтік желілерде таратудың жауапкершіліктері жайлы халық біле бермейді. Діни ақпаратты интернеттен аларда өте мұқият болған дұрыс. Ондай ақпаратты елімізде ресми тіркелген діни біллестіктердің арнайы сайттарынан, парақшаларынан алған ләзім. Қолыңызға қандай да бір діни кітап түсе қалған жағдайда, ол кітаптың дұрыс/бұрыстығына күмәндансаңыз, міндетті түрде Дін істері комитетінің дінтану сараптамасының оң қорытындысы берілгеніне көз жеткізіңіз. (Көбіне бірінші бетінде жазылады)

    Терроризм мен экстремизм – адамзаттың қас жауы! Оны елге кіргізетін болсақ жазықсыз жандар – балалар, аналар зардап шегеді.

    Терроризмге қарсы іс-қимыл және алдын-алу мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Терроризммен немесе басқа да мәселелермен күрес бір ғана адам немесе топ қана айналысатын дүние емес, қоғам болып ат салысатын күрделі мәселе.

    Тұрсынғали Әліп,

    дінтанушы

    Ұсынымдар

    «Таза бейсенбі»: Қарғалы өзенінің жағасы тазаланды

    «Таза бейсенбі»: Қарғалы өзенінің жағасы тазаланды

    2 years ago
    ЖІӨ-дегі Алматы облысының үлесі қандай?

    ЖІӨ-дегі Алматы облысының үлесі қандай?

    2 years ago
    Кептеліс қайтсе азаяды

    Кептеліс қайтсе азаяды

    2 years ago
    Алматы облысында 316 адам деструктивті діни ағымнан шығарылды

    Алматы облысында 316 адам деструктивті діни ағымнан шығарылды

    3 years ago
    Дәстүрді дәріптеген

    Дәстүрді дәріптеген

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>