Перейти к содержимому
Главная страница » Волейболдан бақ сынады

Волейболдан бақ сынады

      Қонаевта алғаш рет волейболдан қала ­әкімінің кубогы үшін жарыс өтті. ­Ересектер арасында ­өткен сайысқа еліміздің әр ­өңірінен 12 команда қатысты. Спортшыларды шараның ашылуымен қала әкімнің орынбасары Төлеген ­Кенжебеков құттықтады.

«Қонаев қаласы облыс орталығы мәртебесін алғалы тұңғыш рет әкім кубогы үшін жарыс өтіп жатыр. Алдағы уақытта да түрлі шараларды ұйымдастыру жоспарлануда. Сондай-ақ қаламызда бірқатар спорт нысаны бой көтереді деп күтілуде. Жарысқа қатысушы барлық командаға сәттілік тілеймін!» – деді ол.
Ашық турнирдің бірінші күні топтық кезең ойнатылып, жартылай финалға «Жаркент-Талды», «Жетісу облысы», «Шымкент», «Шырын» командалары шықты. Командалар ішінен Шымкент спортшылары кіл мықты екенін дәлелдеп, 1-орынды иеленді. 2-орынды Ұйғыр ауданынан келген жігіттер жеңіп алды, ал 3-орынға жетісулық команда табан тіреді.
Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар спортшылар жекелеген «Үздік ойыншы», «Үздік үйлестіруші», «Үздік тосқауылшы», «Үздік шабуылдаушы» номинацияларымен марапатталды.

Ақерке Жұмағазықызы
Қонаев қаласы