-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Отбасы орталығы ашылды

    09.01.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Отбасы орталығы ашылды
    0
    SHARES
    17
    VIEWS

          Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Отбасын­дағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмы­сы­ның тиімділігін арттыруға ерекше назар аудару және ал­дын алу шараларын кешенді түрде жүргізу қажет. Бұл мәселе әділетті мемлекет құру үшін өте маңызды. Көптеген әлеу­мет­­тік кеселдің түп тамыры, соның ішінде қылмыс көбіне тұрмысы нашар отбасылардан бастау алады. Мұндай отбасылардағы зорлық-зомбы­лықтар балалардың сана-сезіміне және психикасына кері әсерін тигізеді», – деген болатын.

    Президент тапсырмасына сәйкес өңірде Отбасын қолдау орталықтары құрылып, өмірлік қиын жағдайда қалған отбасыларға кешенді түрде қызмет көрсетіп келеді. Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында да Отбасын қолдау орталығы жұмысын бастады. Ашылу салтанатына облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова, аудан әкімі Нұрлан Ертас және тұрғындар қатысты.
    Отбасы институтын нығайту мақсатында құрылған мекеменің ашылуында аудан әкімі Нұрлан Ертасұлы:
    – Бұл – орталық тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған маңызды қадам. Өйткені әрбір отбасы – қазақстандық қоғамның негізгі ұяшығы. Осы мекеме арқылы көмекке мұқтаж тұрғындарымызға барынша жәрдемдесіп, отбасылардың әл-ауқатын арттырамыз деп сенеміз, – деді.
    Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова құттықтау сөзінде орталықтың маңыздылығына тоқталып, мұндай мекемелер бұған дейін бірнеше ауданда ашылғанынан хабардар етті. Бұл орталық қызметкерлерінің де қиын жағдайға тап болғандардың әлеуметтік және жеке дамуына барынша қолдау көрсететініне сенім білдірді.
    Жаңа мекеме отбасылардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсартуға ықпал етіп, тұрмыстық қиындықтарға тап болған азаматтарды жан-жақты қолдайтыны айтылды. Сонымен бірге жастарға отбасы құндылықтарын насихаттап, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын жүзеге асырады. Жұмысы бірнеше бағытта жүргізіледі. Өз құқығын қорғау, тұрғын үй алу, басқа да әлеуметтік мәселелер бойынша тұрғындарға кеңес береді. Қиын жағдайға тап болғандарды психологиялық қолдауға, отбасылық дауларды шешуге жәрдемдеседі. Мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек ұйымдастыруға қолұшын созады. Жас отбасылар үшін тренинг, семинар, арнайы бағдарламалар ұйымдастырады. Осылайша тұрғындарға сапалы және уақытылы көмек көрсету арқылы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге өз үлесін қосатын болады.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында аптап ыстық алдағы күндерде де сақталады

    Алматы облысында аптап ыстық алдағы күндерде де сақталады

    2 years ago
    Облыстағы білім саласына қатысты мәселелер талқыланды

    Облыстағы білім саласына қатысты мәселелер талқыланды

    2 years ago
    АССАМБЛЕЯ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

    АССАМБЛЕЯ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

    12 months ago
    Алматы облысында ғалымдар мен фермерлер бас қосты

    Алматы облысында ғалымдар мен фермерлер бас қосты

    2 years ago
    Metito компаниясы Алматы облысында су тазарту және кәріз жүйесін жүргізуге мүдделі

    Metito компаниясы Алматы облысында су тазарту және кәріз жүйесін жүргізуге мүдделі

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>