-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қазына қаржысы – ел игілігіне

    03.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Лебіз, Сұхбат
    Қазына қаржысы – ел игілігіне
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» атты сұхбаты «Ana tili»» газетінде жарық көрді. Оқыдыңыз ба? Мемлекет басшысы ел-жұрт қызу талқылаған уақыт белдеуі, шенеуніктердің шетелдегі қаржысы мен активтерін қайтару, ол ақшаның қайда жұмсалғаны туралы және өзге де сұрақтарға ашық жауап беріпті.

    “Заңсыз алынған қаржы және басқа да активтерді қайтаруға қатысты жұмыстың нәтижесінде 2022 жылдан бері мемлекет қазынасына 2 триллион теңгеден астам (4,1 миллиард доллар) қаражат түсті. Бұл қаржы мектептер мен маңызды инфрақұрылым нысандарын салуға және өзге де әлеуметтік міндеттерді орындауға жұмсалып жатыр”, – дейді Мемлекет басшысы.

    Кезінде бәзбіреулердің мемлекеттің қазынасына қол салып, артықшылықтар мен жеңілдіктерге ие болғаны жасырын емес. “Қайтқан малда қайыр бар” деген халқымыз, қаншама жылдан бері шетел асқан қаржы біртіндеп қайтарлып, ел игілігіне, ұрпақтарымыздың болашағына жұмсалып жатса, одан асқан қайыр болмас.

    Қ.Тоқаев сұхбатында «Әділдік теңестіру емес, орынсыз берілген артықшылықтар мен жеңілдіктерді алып тастау, заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару – популистік қадам емес, керісінше, әділдік қағидасы негізінде Қазақстанды жаңғырту стратегиясы» деп түсіндіреді. Өйткені, азаматтардың бәрі заң алдында тең болады, заңдарды, ережелерді және нормаларды қатаң сақтай отырып, жалпыға бірдей мүмкіндіктерді толық пайдалана алады деп шегелеп айтыпты.

    Көпшіліктің көкейінде жүрген атом электр стансасын салуға байланысты Владимир Путиннің Астанаға сапары кезінде бұл мәселені талқылағанын айтады. Әзірге «Росатом» компаниясының жобаға қатысуы мүмкін екен. Сонымен бірге Қытайдың ядролық нысандар салуда жетістіктерге жеткен компаниясымен де келіссөз жүргізіліп жатыр және басқа да мемлекеттердің, соның ішінде Батыс елдерінің корпорациялары жобағы қызығушылық танытыпты.

    “Жобаға тапсырыс беруші ретінде Қазақстан жағы консорциумда бас оператор болады деп уағдаластық. Биыл конкурстық рәсімдер өткізіледі. Содан кейін Үкімет түпкілікті шешім қабылдайды. Қазақстанға қуатты атом стансасы қажет екені анық, мен бұған сенімдімін. Оған қоса, таяу арада екінші, тіпті үшінші атом электр стансасын салуымыз мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Ядролық өнеркәсіп саласы қазірдің өзінде энергетика тапшылығына тап болып отырған экономикамызды өркендетуге зор серпін береді. Қазақстан ядролық энергетикасы дамыған елге айналуы қажет деп санаймын. Оның болашағы зор”,- деп сөзін түйіндеген президент.

    Р.БАҚТЫБАЕВ,

    Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы,

    ардагер дәрігер

    Ұсынымдар

    Алматы облысында  тамыз кеңесі өтті

    Алматы облысында тамыз кеңесі өтті

    2 years ago
    Оқитын ұлт – озық ұлт

    Оқитын ұлт – озық ұлт

    8 months ago
    Мен бәріңмен біргемін!

    Мен бәріңмен біргемін!

    2 months ago
    Біртуар тұлғаның биік тұғыры

    Біртуар тұлғаның биік тұғыры

    7 months ago
    Асығы алшысынан түсті

    Асығы алшысынан түсті

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>