-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қоғамдық көлік қатары көбейді

    15.01.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Қоғамдық көлік қатары көбейді
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Халық саны көп аймақтарда қоғамдық көлікке деген сұраныс артатыны белгілі. Бұл тұрғыда Қарасай ауданы өзге өңірлерге үлгі боларлықтай. Атап айтқанда, өткен жылы аудан орталығы Қаскелеңді Алматы қаласымен байланыстыратын жаңа бағыттар ашылып, жолаушылар тасымалын айтарлықтай жақсартуға қол жеткізілді.

    Мәселен, 2024 жылдың 19 наурызынан бастап №1, №2 «а» және №9 бағыттары бойынша қоғамдық көлік жаңа форматта жолаушыларды тасымалдай бастады. Бұған қажетті жаңа автобустар Қарасай ауданы әкімдігінің субсидия бөлуімен сатып алынған болатын. Соның нәтижесінде автобустардың саны артып, олардың қозғалыс аралығы қысқартылды. Егер бұрын үш қалаішілік қоғамдық көлік болса, былтыр олардың саны төртеуге жетіп, қозғалыс аралығы 20 минутты құрады.

    Қоғамдық көліктерде «AlemPay» төлем жүйесі орнатылғаны да тұрғындар үшін оңтайлы болғаны рас. Бұл арқылы жолаушылар компанияның картасы және басқа банктердің карталары, сондай-ақ QR-код немесе мобильді қосымшалар арқылы төлем жасай алады. №9 автобуста жолаушылар үшін билет құны 150 теңге, ал Қаскелең ішіндегі №1 және №2 «а»бағыттары үшін 80 теңге. Оқушыларға 50 пайыз  жеңілдік қарастырылған. Қоғамдық көліктердің қозғалысын «SMS BUS» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады.

    Өткен жылдың қазан айында №237 және №257 бағыттары іске қосылды. №237 автобус Қаратөбе ауылынан шығып, Елтай, Береке, Мерей, Көлді, Рахат ауылдары арқылы Алматы-Бішкек тасжолымен «Барлық» базарына қатынайды. Ал  №257 автобустың бағыты Еңбекші ауылынан басталып, Құмарал, Шамалған, Шалқар ауылдары арқылы Қаскелең қаласына барып, одан кейін Алматы қаласының №7 қалалық емханасы орналасқан Қалқаман шағын ауданына бағыт алады. Бұл қоғамдық көліктер Алматы қалалық мобильділік басқармасы тарапынан субсидияланады. Алайда, барлық қоғамдық көлік «Қаскелең автобус паркі» ЖШС балансында болғандықтан, олардың жағдайы мен сапасын бақылау жауапкершілігі осы компанияға жүктелген.

    Өткен жылдың қараша айында Қарасай ауданынан Алматы қаласына қарай екі жаңа бағыт ашылды. Олар –  Қаскелеңнен Алматы қаласындағы «Сәлем» базарына дейін қатынайтын №254 және Долан ауылынан Алматы қаласындағы Бауыржан Момышұлы метро стансасына дейін баратын №239 қоғамдық көліктері. Айта кету керек, бұл бағыттар Алматы қалалық мобильділік басқармасы тарапынан сынақтық режимде іске қосылды. Болашақта қозғалыс схемасы мониторинг нәтижелері бойынша түзетілуі мүмкін. Сонымен қатар, өткен жылдың қараша айында Алматы қалалық мобильділік басқармасы мегаполистің сыртқы аймақтарына жаңа сегіз бағыт енгізген болатын. Оның ішінде Қарасай ауданының үш ауылына бағытталған автобустар бар. Оның құрамына Қырғауылды, Кемертоған және Көктоған ауылдарына баратын №238, №246 және №250 нөмірлі қоғамдық көліктері кіреді. Аталған қоғамдық көліктердің жұмысын «НұржасТранс» ЖШС бақылайды.

    Тұрғындардың сұрауы бойынша өткен жылдың желтоқсан айында Алматы қаласының мобильділік басқармасы Алматы қаласы мен Жібек жолы ауылы арасында қатынайтын  №256 бағытын іске қосты. Автобустар Алматы қаласындағы Төле би мен Яссауи көшелерінің қиылысынан бастап, Жібек жолы ауылындағы саяжайларға дейін қатынайды. Бұл бағыт Жамбыл, Қошмамбет және Ұлан ауылдары арқылы өтеді. Аталған бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдау жауапкершілігі «ECOBUS SERVICE» ЖШС-не жүктелген. Бағыт бойынша 7 автобус жүреді, олардың қозғалыс аралығы 29 минутты құрап отыр.

    Бағыттар бойынша жол жүру құны –120 теңге. Автобустарда «ONAY» төлем жүйесі орнатылған. Төлем арнайы onay-карталары арқылы немесе «ONAY» мобильді қосымшасы және SMS хабарлама арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық көліктер өз жұмысын таңертең сағат 6:00-дан бастап, 23:00-ге дейін жалғастырады.

    Қуат Қайранбаев,
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Доссор кентіндегі жаңа өрт сөндіру депосы 15 мың тұрғынды қорғайды

    Доссор кентіндегі жаңа өрт сөндіру депосы 15 мың тұрғынды қорғайды

    4 weeks ago
    Алматы облысында екі аудан әкімі сайланады

    Алматы облысында екі аудан әкімі сайланады

    2 years ago
    ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ ДАМИДЫ

    ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ ДАМИДЫ

    6 months ago
    Тәні саудың жаны сау

    Тәні саудың жаны сау

    6 days ago
    Алматы облысында жалпыхалықтық сенбілік өтеді

    Алматы облысында жалпыхалықтық сенбілік өтеді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>