-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сарбаз әскери ант рәсімінде сүйіктісіне ұсыныс жасады

    11.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қорғаныс
    Сарбаз әскери ант рәсімінде сүйіктісіне ұсыныс жасады
    0
    SHARES
    188
    VIEWS

    11 қаңтарда Кеңес Одағының батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінде 600-ден аса жас сарбаз салтанатты түрде Ант берді.

    Бұл рәсім Отан алдындағы борышын өтеуге бел буған әр азаматтың өмірінде маңызды орын алады.

    Алып мегаполис — Алматы қаласының тыныштығын қамтамасыз ететін жедел бригадаға әр өңірден жылына екі рет жас толықтырылым келеді.

    Шараға жауынгерлерді қолдауға олардың ата-ана, бауырлары, достары, бөлімнің ардагерлері және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мен құраманың әскери қызметшілері қатысты.

    Алматы облысынан шақырылған қатардағы Равиль Магамед әскерге дейін Чайковский атындағы музыкалық колледжде білім алып, үрмелі аспаптарда ойнайтын музыка маманы болған. Ұлттық ұланға келіп әскери оркестрді көрген ол бірден өзінің болашақта кім болатынын нақты шешті. Мерзімдік қызметті аяқтаған соң, әскери оркестрде қызмет етемін дейді жас жауынгер. Салтанатты шараға Равильдің қос әжесі — Айша апа және Шолпан апа, нағашы атасы Мәлік ақсақал және ата-анасы Ренат Магамедұлы мен Қанаш Мәлікқызы келіпті.

    — Отан алдындағы борыштарыңды абыроймен өтеңдер. Ер-азамат деген атқа лайық болыңдар. Қызметтеріңе адал болыңдар. Жолдарың ашық болсын. Әрқашан жақсы сөзге лайық болыңдар, елдің ризашылығына бөленіңдер. Командирлеріңді тыңдаңдар, тәртіпке бағыныңдар! – деп Мәлік ата немересі мен оның қаруластарына батасын берді.

    Салтанатты шарада ерекше оқиға болды. 1 оқу ротасының сарбазы, Павлодар қаласынан шақырылған қатардағы Жантөре Ерзал екі мыңға жуық дүйім жұрттың алдында сүйген қызына сөз салды. Жолдастарымен алдын ала жоспарлап, командирлерінен рұқсат алған Жантөре көпшілік ішінен Дана есімді аруды дауыстап іздеді. Мұндайды күтпеген бойжеткен басында аңтарылып қалды. Алаңға аяғын имене басып шыққан Данаға жиналған жұрт қол соғып, қолдау білдірді. Жас сарбаздың ұсынысына бойжеткен қыз “Иә!” деп жауап берді.

    Жантөре мен Дана бір мектепте оқыған сыныптастар екен. Дана бүгінде — мектеп мұғалімі. Жантөре оған үйленуге ұсыныс білдіруді әскерге дейін шешкен екен. Бірақ сөз салып үлгермегендіктен, осындай айтулы күнге ниеттенген екен. Дана Жантөрені “Әскерден тосамын!” деп сөз берді.

    Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    ҚХА-ның “Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу” атты сессиясы басталды

    ҚХА-ның “Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу” атты сессиясы басталды

    1 year ago
    Шуаққа толы күндер

    Шуаққа толы күндер

    7 months ago
    Шөбі шүйгін

    Шөбі шүйгін

    12 months ago
    Мемлекеттік қызметшілерге ойынханаларға баруға тыйым салынды

    Мемлекеттік қызметшілерге ойынханаларға баруға тыйым салынды

    2 years ago
    Қарасай ауданының тұрғындары газ бағасы қымбаттағанына наразы

    Қонаевтағы нысандардың 3/1-іне табиғи газ тартылған

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.