-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тренд пе, дерт пе?

    30.01.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Тренд пе, дерт пе?
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

           Тренд – белгілі бір іс-әрекетті немесе затты, ас түрін, стиль, мінез-құлықты күнделікті әдетке, танымал­дылыққа айналдырып, соған адамдардың назарын аудару. Бастапқыда «Тренд» ұғымы «бағыт», «бағдар» дегенді білдіріп, экономика саласында қолданылған. Кейіннен блогерлер және инфлюенсерлердің бастауымен «тренд» сөзі кең ауқымды мағынаға ие болды. Соның бірі – Tik Tok, Instagram, YouTube сияқты әлеуметтік желілердегі тренд.

    Жастар арасында трендтен қалмау өте маңызды болып барады. Менің ойымша, трендтен қалмау – «Жұрттың баласы не істесе, жесе, кисе, мен неге соны істей алмаймын?» деген ой жиынтығы немесе жай ғана қызықтан қалмау, танымал болудағы мүмкіндікті жіберіп алмау дегенді білдіреді. Мәселен, соңғы уақытта өзімізге таныс шоколадтағы құлпынай, одан соң Дубай шоколады, Қытайдың «Шайн мускат» жүзімі, «Bahroma» балмұздағы трендте болды. Ал дәл қазіргі таңда сублимацияланған (құрғатылған) жемістер трендте. «Елден қалмайық» деген оймен жасы да, кәрісі де, ақшасы басқа дүниесіне жетпей жатса да, Дубай шоколадын міндетті түрде алып, дәмін татып көреді. Себебі, не өзі, не бала-шағасы трендтен қалмауы тиіс. Бұл бағыттағы топты «трендқұмарлар» деп атауға болады. Олар қажетсіз заттарға қаржы салып, уақытын да сарп етуде. Өйткені, тренд қуу мұндай адамдар үшін дертке айналған.
    Қоғамның екінші бөлігін тренд ойлап табушылар немесе трендтен табыс, пайда көретіндер деп бөле аламыз. Трендті ойлап табушылар қалай танымалдылыққа ие болса, солай қомақты қаражатқа да оңай қол жеткізеді. Мәселен, алысқа бармай-ақ, қазақстандық Алина Кимді алсақ, 2018 жылдан бері көрерменге қызықты әрі оңай би қимылдарын ойлап тауып, әртүрлі әлеуметтік желілерге жариялау арқылы танымалдылыққа да, күнделікті табыс көзіне де ие болды. Жоғарыда айтқан трендқұмарлардың арқасында түрлі блогер, тиктокерлердің үздіксіз пайда көріп жатқандары жасырын емес.
    Жақында жастар арасында жаңа тренд шықты. Бұл тренд адамның жеке дамуына арналған, яғни таңғы сағат 5-6 шамасында тұрып, спортпен айналысу, күнде кітап оқу секілді пайдалы істі көздейді. Демек, трендті өзіміз қаласақ, пайдаға да, табысқа да айналдыра аламыз.
    Тренд ұғымы осыдан 10 жыл бұрын пайда болып, біздің мәдениетіміз бен қоғамымызға терең еніп қойған, сондықтан біз оны сараптап, тек пайдалы жағын ғана қолдана білуіміз қажет. Сонда ұтылмасымыз анық.

    Манура Нүсіпбай,
    М.Ғабдуллин атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы
    Абай ауылы,
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Қазына қаржысы – ел игілігіне

    Қазына қаржысы – ел игілігіне

    5 months ago
    ҚХА-ның республикалық сессиясы Алматы облысында жалғасын тапты

    ҚХА-ның республикалық сессиясы Алматы облысында жалғасын тапты

    2 years ago
    Дәрі-дәрмек. Көрнекі сурет

    Дәрі-дәрмекті өзіміз де өндіреміз

    2 years ago
    Алматы облысында 800-ге жуық нысан мүгедектігі бар азаматтарға бейімделді

    Алматы облысында 800-ге жуық нысан мүгедектігі бар азаматтарға бейімделді

    4 weeks ago
    Спорт кешені ашылды

    Спорт кешені ашылды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>