-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Түргенді түлеткен

    25.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Түргенді түлеткен
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

             Еліміз егемендікке қол жеткізген соң, оны нығайту міндеттері үлкен жауап­кершілікті талап етті. Өтпелі кезең қиындықтарын ерен еңбегімен, ар-намыс, ақылымен жеңетін қайыспайтын ерлер керек еді. Сондай тұлғаның бірі және бірегейі біз сөз еткелі отыр­ған Абыхан Жексембеков болатын.

    Еңбегімен ел есінде қалған азамат 1992-2002 жылдар аралығында Түрген ауылдық округінің алғашқы әкімі болып қызмет атқарды. Аумаққа қатысты мәселелердің бәрін назарда ұстады. Экономиканың өркендеуі, әлеуметтік жағдайлар, руханият саласы бір-біріне сабақтасқан түрде ойдағыдай жүзеге асып жатты. Мемлекеттік мен­шіктен жекеменшікке өтуді заң талап­тарына сай қамтамасыз етті. Қысқасы, жоқтан бар жасаудың үрдіс­терін бастан кешірді.
    Сол шақтарда ұлттық мүдденің бірінші орынға шыққаны Абыхан ағаны ерекше қуандырды. Іскер азамат атқа қамшы басып, алға ұмтылудың не екенін дұрыс бағамдады. Жаратылысындағы тектілік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, білімге құштарлық өзара толығып, ел игілігі үшін атқарылатын жұмыстарға арқау болды. Туған жеріне деген сүйіспеншілік оны бір сәт те тыныш отырғызбады.
    Асыл жанның адами және кәсіби қасиеттерін Түрген халқы, әріптестері, мектеп мұғалімдері қапысыз таныды. Ауыл әкімі қызметін өмірінің соңына дейін зор жауапкершілікпен атқарды. Оны жерлестері мақтанышпен баян­дайды. Сол тұста қиыннан қиысты­рып жасаған халықтық шаралар­ды ізбасарлары мен ұрпақтары өздеріне өнеге тұтып, аталарының есімін елжіреп еске алады.
    Абыхан Жексембеков Кеңес өкіметі тұсында да жергілікті шаруашылықтың білгір маманы атанды. Ұжымшар директорының орынбасарлығына дейін көтерілді. Ол кісіге туған өлке табиғаты бес саусақтай белгілі еді. Егін шаруашылығы мен мал шаруашылығында ұжымның үздік табыстарға жеткені – соның дәлелі. Түргеннің бар мүмкіндігін көзін тауып пайдаланды. Жеміс ағаштары мен көкөністің неше түрін өсірді. Сол кездегі республика астанасы – Алматының тұрғындары түргендіктердің өнімін қуана тұтынды.
    Ауылда ірі мәдени нысандар, сонымен бірге машина-трактор жөндейтін зауыт тектес цехтар жұмыс істеді. Аумақтағы 2844 отбасын ортақ мүддеге біріктіре алды. 18 ұлт өкілдерін бір әкенің баласындай етіп, тату-тәтті өмір сүруге дағдыландырды. Айта берсек, тілге тиек ететін мұндай жарқын мысалдар жеткілікті. Солардың басы-қасында Абыхан Аманбайұлының жүруінің өзі – бір тарих. Еңбегі еленбей қалған жоқ. Құрмет грамоталарымен, медальдармен марапатталды. КСРО-ның «Құрмет белгісі» орденінің иегері атанды. Ағарту жұмыстарына атсалысқаны үшін 1995 жылы «Білім беру ісінің үздігі» болды.
    Абыхан аға Түрген ауылдық округінің әкімі қызметінде жүргенде тәртіп сақтау қосынын құрып, құқықтық талаптарды да нығайтты. Ауылды көркейтудің тиімді жоспарын жасады. Аумақта туризмді дамытудың бағдарламасын іске қосты. Түрген ауылында сол кезде көмекке мұқтаж 115 қарт, 111 жалғыз басты ана, 360 көп­балалы отбасы тұрған екен. «Байторы» қоғамдық қорын құрып, қолы қысқа жандардың бәріне көмектесіп отырған. Мәселен, оларды күнделікті тұтынатын нанмен тегін қамтамасыз еткен. Ұйымдастыру жұмыстары мұнымен біткен жоқ. Жұртшылықты жұмыспен қамту үшін өзі бас болып өндірістік-кооператив құрады. Жекеменшік агрофирманы да іске қосады.
    Абыхан ағаның ұрпақтары әлі күнге дейін әке аманатын абыроймен жалғастыруда. Туыстарының ең басында тұңғышы Мәншүк Абыхан­қызы тұр. Ол кісі Түрген агрофирма­сын басқарады. Сіңлісі Венера Абыхан­қызы – республикаға танымал тұлға. Саяси ғылымдар докторы, профессор. Мемлекет тарихы институ­тының еуразиялық және саяси зерттеулер бөлімінің басшысы.
    2022 жылы Абыхан Жексембековтің балалары демеуші болып, «Әкемнің мектебі» атты кітап жарыққа шықты. Онда ұл-қыздары, туыстары, әріптес­тері, ауылдастары, қоғам қайрат­керлері мен ақын-жазушылар Түргенді түлет­кен тұлғаның қадір-қасиетін, еңбегін, мәртебесін және артына қалдырған ғибратын барынша ашып көрсетеді.
    Абыхан аға – абырой мен ақылдың қос тізгінін қатар ұстаған, бақытын еңбектен іздеген, адалдықты ту еткен жан. Бүгінгі жастарға, болашақ ұрпақ­тарға өнегелі өмірі үлгі бола бермек. Ол кісінің тұлғалық-менеджерлік тәлімінің ішінде көшбасшылық, жауапкершілік, азаматтық, теңдік, ізгілік, жақсылық, демеу­шілік, қамқорлық, татулық, еңбек­қорлық, жомарттық, кеңпейіл­ділік, отан­сүйгіштік сияқты ерекше­ліктері адами бейнесін уақыт өткен сайын жарқырата түседі деген сенімдеміз.

    Шаркүл Таубаева,
    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры,

    педагогика ғылымының докторы, Қазақстан ғылым академиясының академигі

    Ұсынымдар

    Асық ойнаған азбайды

    Асық ойнаған азбайды

    2 months ago
    «Қарызсыз қоғам»: Алматы облысында 3500-ден астам тұрғын қаржылық сауатын ашты

    «Қарызсыз қоғам»: Алматы облысында 3500-ден астам тұрғын қаржылық сауатын ашты

    2 years ago
    Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған заңдар қабылданды

    Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған заңдар қабылданды

    2 years ago
    Мемлекет меншігіне қайтарылды

    2600 гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

    1 year ago
    ОРТАҚ ТАРИХ

    ТҰРАҚТЫЛЫҚ – МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ

    4 days ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>