☀️
14°C
Қонаев
Жексенбі, Қыркүйек 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ҮШЕМ КЕЛДІ ӨМІРГЕ!

    22.01.2025
    in Барлық жаңалықтар
    ҮШЕМ КЕЛДІ ӨМІРГЕ!
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

          Алатау қаласының Жетіген ықшамауданында Итеміровтер отбасында үшем дүниеге келді. Ата-анасы сәбилеріне Айару, Айлин, Айкөркем деген есімдер берді.

    Үшемдердің анасы Кәмила Айназарова мен әкесі Бағашар Итеміров бұған дейін үш қызға жарық дүние сыйлаған. Енді тағы үш қызды өмірге әкеліп, көпбалалы ата-аналар қатарына қосылып отыр. Анасы мен нәрестелердің жағдайы бірқалыпты. Жүктілік кезінде де дәрігердердің жіті бақылауында болды. Дүниеге келгенде сәбилердің салмағы небары 2 килограмды құрады. Бүгінде күн сайын салмақ қосып, тез жетілуде. Бұл турасында Іле аудандық перзентхананың меңгерушісі Гауһар Ақанқызы хабардар етіп, дәл осы перзентханада үшемнің туылғанына дәрігерлер ұжымы да қуанып отырғанын жеткізді.
    Нәрестелердің анасы №11 орта мектепте мұғалім болса, әкесі «Жетіген» стансасындағы көлік-логистикалық орталығында еңбек етеді.
    – Жұбайым екеуміз сәбилердің өмірге келуін қуана күттік. Үшемнің дүниеге келуі – біз үшін керемет сый. Нәрестелерді бағып-қағу қиындығынан қорықпаймыз. Өйткені, бұған дейін үш қыз өсірген азды-көпті тәжірибеміз бар. Балалардың әкесі маған үнемі қолғабыс етіп, жұмысынан ерте келеді. Іле ауданының перзентхана ұжымына үш қызымыздың да дені сау болып, аман-есен дүнеиеге келгені үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Мұнда өз ісінің шынайы мамандары еңбек етеді, – деді бақыттан балбұл жанған ана.
    Бұл қуанышты жайтқа Алатау қала­сының әкімдігі де үн қатты. Қала әкімі­нің орынбасары Гүлбану Несіпбаева, қалалық мәслихат төрағасы Роза Абилова, облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» пар­тиясы фракциясының мүшесі Нұрлан Түймелиев үшемнің үйіне барып, Итеміровтер отбасының қал-ахуалымен танысты. Қазірше баспана беру жағдайы толық қарастырыл­мағанымен келешекте бой көтеретін тұрғын үйлерден алғашқы болып пәтер алатынына сендірді. Үшем отыратын арба сыйлап, сәбилерге керек-жарақтарын сыйға тартты.
    Өз сөзінде Нұрлан Лесұлы: «Үшемнің дүниеге келуі біздің облыс үшін теңдесі жоқ жаңалық болды. Сіздердің отбастарыңызға зор денсаулық, амандық және үлкен бақыт тілеймін. Балаларыңыздың дені сау болып өсе берсін!» – деді.

    Бағдат ШОЙБАС

    Алатау қаласы

    Ұсынымдар

    Сәтбаев салған сара жол

    Сәтбаев салған сара жол

    7 months ago
    Ардагер: Аудан болашағы үшін маңызды сәт

    Ардагер: Аудан болашағы үшін маңызды сәт

    1 month ago
    Бумеранг

    Бумеранг

    2 years ago
    Азия ойындарында үшінші алтын медаль жеңіп алды

    Азия ойындарында үшінші алтын медаль жеңіп алды

    2 years ago
    Аудан орталығына автобуспен барады

    Аудан орталығына автобуспен барады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>