-13 °c
Qonaev
Saturday, June 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тәжірибе алаңы

    13.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Тәжірибе алаңы
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің филология факультеті мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Болашақ педагогты әдістемелік қолдау: нәтижелі амалдар және озық тәжірибелер» тақырыбында  екікүндік республикалық әдістемелік десант ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – болашақ педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету үшін тәжірибе алаңын құру.

    Аталған шара аясында болашақ мұғалімдер білім беру үдерісінде тиімді әдістерді қолдану мүмкіндіктерімен танысты. Шара педагогикалық қауымдастық өкілдері арасында кәсіби ынтымақтастықты нығайтып, болашақ мамандарды кәсіби тұрғыда қолдаудың жаңа бағыттарын айқындауға ықпал етті.

    Республикалық әдістемелік десанттың бірінші күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бас оқу ғимаратында өтті. Шараның ашылуында филология факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор А.Таңжарықова және «Өрлеу» БАҰО АҚ «Алматы облысы бойынша КДИ»  филиалының директоры Қ.Нұрлыбаев сөз сөйледі.

    Әдістемелік десант аясында білікті мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті. Талғар ауданы №39 мектебінің директоры М.Арынбаева «Жас маманның алғашқы жылы: қиындықтар мен жеңу жолдары» тақырыбында баяндама жасап, студенттердің сұрақтарына жауап берді. «Өрлеу» БАҰО АҚ «Алматы облысы бойынша КДИ»  филиалының кафедра меңгерушісі, PhD доктор М.Бисенбаева мәтіндердің құрылымдық, стильдік, жанрлық ерекшеліктерін талдауға арналған тапсырмаларды ортаға салды.  Институт тренері Л.Орманбекова дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері бойынша тренинг өткізді. Сондай-ақ педагог-шеберлер – Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектебінің мұғалімі Н.Абдрахманова, К.Әзірбаев атындағы №15 орта мектебінің мұғалімі К.Саттыбекова, №45 мектеп-гимназиясының мұғалімдері – педагог-зерттеуші Д.Талғатұлы және педагог-сарапшы Д.Карина қазақ тілі сабақтарында айтылым мен тыңдалым дағдыларын дамытуға арналған тиімді әдістерді ұсынып, оқу сауаттылығын жетілдіру жолдарымен таныстырды.

    Әдістемелік десанттың екінші күніне жоспарланған тренингтер Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Abai Library» конференц-залында өтті. Шараны «Шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор С. Иватов ашты. Онда білім беру саласының тәжірибелі мамандары ағылшын тілін оқытудың заманауи тәсілдері мен тиімді әдістемелерін ортаға салды. Осы орайда Абай атындағы ҚазҰПУ «Шетел тілдері» кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а Г.Нүрекешова мазмұнды баяндама жасап, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

    Әдістемелік десант соңында ұйымдастырылған ашық диалог пен кері байланыс алаңының маңызы зор болды. Онда болашақ педагогтар мен тәжірибелі мамандар еркін пікір алмасып,  өз ойларын ортаға салды. Студенттер үшін арнайы ұйымдастырылған сұрақ-жауап алаңы өзара сенім мен қолдау атмосферасын қалыптастырып, олардың бойында кәсіби жауапкершілік пен педагогтік ұстанымды нығайтты. Екі күнге созылған республикалық әдістемелік десант – болашақ педагогтарға әдістемелік қолдау көрсетудің тиімді алаңы ғана емес, сонымен қатар кәсіби шабыт пен жаңа серпін берген маңызды педагогикалық іс-шара болды. Шара соңында барлық қатысушыға Алғыс хат табысталды.

    Қарлығаш  Бесірова,

    «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Алматы облысы бойынша Кәсіби даму институты»

    филиалының редакциялық-баспа қызметі бойынша жетекші маманы

    Ұсынымдар

    Қаңтар оқиғасында зардап шеккен Алматы облысының кәсіпкерлеріне өтемақы төленді

    Қаңтар оқиғасында зардап шеккен Алматы облысының кәсіпкерлеріне өтемақы төленді

    2 years ago
    Байланыс орталығы ашылды

    Байланыс орталығы ашылды

    1 year ago
    Президент: Құмар ойындарға шектеу күшейеді

    Президент: Құмар ойындарға шектеу күшейеді

    2 years ago
    Берері мол басқосу

    Берері мол басқосу

    4 months ago
    Технологиялық әлеуетті нығайтады

    Технологиялық әлеуетті нығайтады

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.