-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Ақынды ардақтаған кәсіпкер

    13.02.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Руханият
    Ақынды ардақтаған кәсіпкер
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

           Райымбек ауданы Текес ауылының перзенті Ардақ Үстеновті жалпақ жұртқа танытқан – кәсіпкерлігі ғана емес, әдебиетке, әсіресе Мұқағали Мақатаевтың поэзиясына деген қадір-құрметі. Ол ақиық ақынның туған күнін жоғары деңгейде атап өтуді өзіне азаматтық парыз санап келеді.

    Жыл сайын Алматыдан Жаңа Текес орта мектебіне арнайы келіп, оқушы­лар арасында Мұқағали өлеңдерін оқудан жарыс өткізеді. Жүзден жүйрік шыққан­дарға сый-сияпат көрсетіп, стипендия тағайындайды. «Есіңе мені алғайсың!» атты жыр бәсекесі биыл да зор қуаныш, шалқар шабытпен басталды.
    Алғашқы сөз тізгінін ұстаған мектеп директоры Айдос Дәленбаев шараның мақсат-міндеттері туралы жиналғандарды хабардар етті. Жарысқа 4-11-сынып арасындағы 25 оқушы қатысып, өздерінің өлең оқудағы деңгейін көпшілік назарына ұсынды. «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болат Құрымбаев, Серік Жиенбаев, Ербол Қыдырбаев, Алма Ахтанова сынды Желтоқсан қаһармандары байқауға қазылық жасады.
    Жыр жарысы ақын өлеңдеріне құрылған шағын сахналық қойылыммен басталды. Үміткерлердің бәрі де жоғары дайындықпен келгендерін аңғартты. Байқау қорытындысы бойынша, 10-сынып оқушысы Арай Бақытжанқызы бас жүлдеге тігілген стипендияны жеңіп алды. Ақын өлеңдерін мүдірмей жатқа айтқан Заңғар Қырғызбай жүлделі бірінші орынды иеленді. Байқаудың ең жас қатысушысы, 4-сынып оқушылары Сезім Тілеу мен Айзере Айыпжан екінші орыннан көрінсе, Ақниет Асанқұл, Айсұлу Рахманәлі, Інжу Жақсылық үшінші орынды қанағат тұтты. Жеңімпаздардың бәрі жеткен жетістіктеріне қарай Ардақтай атымтай жомарт ағалары тағайындаған ақшалай сыйлықтарға ие болды.
    Ақын өлеңдерін оқудан өткен байқауға Нұрболат Таубалдиев сынды іскер азамат та демеушілік танытып, 5 оқушыға ынталандыру сыйлығын ұсынды. Басқа қатысу­шыларға мектеп әкімшілігінің дипломдары мен Алғыс хаттар табысталды. Желтоқсаншылар ұлттық мүдеге жанашырлық танытып, жас жеткіншектерді қолдауда көпке үлгі болып, өнегесін шашып жүрген Ардақ Үстеновке алғыс айтып, «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігі тағайындаған «Ұлт патриоты» медалімен марапаттады.
    Сөз реті келгенде үміткерлерді Мақатаев оқуларына жоғары деңгейде дайын­дағаны және айтулы шараны ұйым­­дастырудағы ұтқырлығы үшін мектеп дирек­торының оқу ісі жөніндегі орынбасары Өзгер Батырбековаға да риза­шылық білдірген орынды. Осылайша Мұқағали Мақатаев­тың туған күніне арналған «Есіңе мені алғайсың!» атты мектеп оқушыларының жыр сайысы ақын рухын тағы бір асқақтатты.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Әскери теңізшілер Қапшағайда нысандарды минадан тазартты

    Әскери теңізшілер Қапшағайда нысандарды минадан тазартты

    10 months ago
    Қонаевта коуоркинг орталығы ашылды

    Қонаевта коуоркинг орталығы ашылды

    1 year ago
    Монополияға қарсы заң бұзушылықтар жойылып, бақылау күшейді

    Монополияға қарсы заң бұзушылықтар жойылып, бақылау күшейді

    6 months ago
    Бюджет қаржысын бақылау балабақшадан басталады

    Бюджет қаржысын бақылау балабақшадан басталады

    1 year ago
    Қонаевта І Халықаралық медиа және туризм форумы өтеді

    Қонаевта І Халықаралық медиа және туризм форумы өтеді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>