-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Алтын адам» турнирі тартысты өтті

    27.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    «Алтын адам» турнирі тартысты өтті
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Еңбекшіқазақ ауданында дзюдодан екінші мәрте ұйымдастырылған «Алтын адам» республикалық турнирі өз мәресіне жетті. Жасөспірімдер арасында өткен татимидегі тартысқа еліміздің 10 өңірінен жас балуандар бақ сынады.

    Жарыстың ашылу салтанатына Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Байеділов, ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Сарабеков, дзюдо спортынан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Төлеген Сұлтанов, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің кеңесшісі, Алматы облыстық самбо федерациясының вице-президенті Бақытбек Сақалов, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Гүлмира Мұхтарова, спорт ардагері, Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы Аманбек Саматов және Еңбекшіқазақ ауданындық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Абай Сырғабаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

    Аталған бәсекеге 500 жас балуанның қатысуы елімізде дзюдо спортына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын аңғартады. Алматы облысының спорт мамандары жасөспірімдер арасындағы жарыстардың жиі және сапалы өтуіне ерекше мән беріп келеді. Өйткені мұндай бәсекелер талантты спортшылардың шығуына септігін тигізеді.

    «Бұл турнирдің негізгі мақсаты –  жас балуандарға үлкен жарыстарға жол ашу. Кез-келген спортшы халықаралық сайыстарда ел мерейін үстем етсем деп армандайды. Сондықтан біз, бапкерлер артымыздан ерген мықты ізбасарлар дайындауға барынша күш салуымыз керек. «Алтын адам» республикалық турнирі биыл екінші рет өтіп жатыр. Алдағы уақытта қанатын кеңге жайып, болашақ чемпиондардың шығуына өз үлесін қосатынына сенімдімін, – деді Еңбекшіқазақ аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аға жаттықтушысы Серік Мағжан.

    Турнирде кіші жасөспірімдер 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.  Ал жасөспірімдер 29 салмақ бойынша белдесті. Бокс, каратэ және тағы басқа жекпе-жек түрлеріне қарағанда, дзюдо – тұтас философия және өзін-өзі дамытуға жол ашатын спорт.

    «Алтын адам» турниріне қатысқан, Еңбекшіқазақ аудандық спорт мектебінде шынығып жүрген Бекен Әбілқайыр дзюдомен 7 жасынан бастап айналысып келеді. Бүгінде ол облыстық, республикалық жарыстардың жүлдегері атанып жүр. 14 жасар Бекеннің басты арманы – Олмипиада қатысып, жеңіс тұғырынан көріну.

    «Облыстық деңгейдегі жарыстар республикалық турнирде бақ сынауға арналған дайындық. Былтыр өткен ел чемпионатында топ жардым. Спорт шебергілігіне кандидат атандым. Осы жетістіктің бәріне менің ең алғашқы бапкерімнің қосқан үлесі зор, – деді Бекен Әбілқайыр.

    Төрт күнге созылған сайыс қорытындысы бойынша, Алматы облысы 8 алтын, 9 күміс және 12 қола медаль иеленіп, бірінші орын алды. Ал Алматы қаласының спортшылары 6 алтын, 5 күміс және 13 қола медальды олжалап, екінші орыннан көрінді. Соның ішінде Алматы облысынан чемпион атанған ұл-қыздардың есімін атап айтар болсақ, олар – Бейбарыс Ержанұлы, Абдусалам Оразалиев, Айтмұрат Алдияр, Арыстанбек Диас, Лаура Воропаева, Алуа Балтабай, Зере Талғатқы және Айша Серік. Жеңіс күндер көп болсын!

    Ұсынымдар

    Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің жиыны өтті

    Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің жиыны өтті

    2 years ago
    Президент қазақстандықтарды Конституция күніне орай құттықтады

    Президент қазақстандықтарды Конституция күніне орай құттықтады

    2 years ago
    Олимпиадаға қатысқан спортшыларды құттықтады

    Олимпиадаға қатысқан спортшыларды құттықтады

    10 months ago
    Даналықтың кілті – қарттарда

    Даналықтың кілті – қарттарда

    10 months ago
    Оқушы қауіпсіздігі – басты назарда

    Оқушы қауіпсіздігі – басты назарда

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.