-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Табыс көзін тапқан

    12.12.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Табыс көзін тапқан
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

          Ниетің мен қабілетің болса, қолайға келмейтін шаруа болмайды. Оған әлеуметтік бағытта бизнес жүргізуді ойға алған жас кәсіпкер Альмира Дүкенбаеваның бастаған ісі дәлел. Ол алдымен «Айбын» балалар орталығы мен ересектерге арналған жаттығу залын ашып, бұған қоса экологиялық таза өнімдерді сатуды жолға қойған. Іргелі ауылдық округіне қарасты «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде орналасқан бұл нысандар бүгіндері қалыпты жұмыс істеп, тұрғындар қажеттілігін өтеуде.

    – Мен ұстаздар отбасында өскендіктен, бала кезімнен білім саласына деген қызығушылығым басым болатын, – ­ дейді Альмира бизнесі жайлы сөз қозғағанда. ­– Болашақ жолымның қалыптасуында ұзақ жылдан бері бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етіп келе жатқан анам Гүлнар Жылыбаеваның ықпалы зор. Бала өзіне қажет дағдыны жас кезінен бойына сіңіру керегін алдымен анамнан үйрендім. Сондықтан мамандық таңдауға келгенде көп ойланбадым. Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық университетке түсіп, үшінші курстан бастап құлағы нашар еститін балаларға арналған мектепте жұмыс істей бастадым. Тұрмыс құрып, бала тәрбиесімен үйде отырған кездерім болмаса, осы салада еңбек етуімді тоқтатқан жоқпын. Үлкен қызым мектепке барғаннан кейін сабақ берудің түрлі әдіс-тәсілін тереңірек зерттеп, өз тәжірибемде пайдалануды әдетке айналдырдым. Шығармашылықпен жасаған жұмысым нәтиже беріп, үш балам да жақсы білім алды. Ал қызым мектепті үздік бітіріп шықты. Осыны байқап жүрген құрбыларым, көршілерім мен таныстарым менің білім беру мен тәрбие тәсілім жайлы білгілері келетін. Осылайша оларға да көмектесіп, балаларына тәлімгерлік жасауды бастадым. Университетте алған білімім мен жеке тәжірибем өзіме деген сенімімді қалыптастырып, ақыры жеке шаруамды бастауға мұрындық болды. Соның нәтижесінде 2019 жылы «Альмира» атты жеке кәсібімді аштым.

    Қуат Қайранбаев

    Ұсынымдар

    Қазақ тазысын әлем жұрты тамашалайды

    Қазақ тазысын әлем жұрты тамашалайды

    2 years ago
    Үздік отбасылық медицина орталығы

    Үздік отбасылық медицина орталығы

    11 months ago
    Сталиндік террор құрбаны Жанайдар Сәдуақасовты еске алу көрмесі ұйымдастырылды

    Сталиндік террор құрбаны Жанайдар Сәдуақасовты еске алу көрмесі ұйымдастырылды

    2 years ago
    АЭС салу бойынша қоғамдық тыңдау кейінге ысырылды

    Министрлік: Үлкен ауылының тұрғындары АЭС салуды қолдады

    2 years ago
    Тоңдырды бізді…

    Тоңдырды бізді…

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.