-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Асыл жыры алмастай жарқылдаған

    27.02.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Руханият
    Асыл жыры алмастай жарқылдаған
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

         Есімі елге белгілі би-шешен, ақын әрі күйші Бөлтірік Атыханұлы 1870 жылы қазіргі Райымбек ауданы Қарабұлақ ауылында өмірге келіп, 1928 жылы небәрі 58 жасында дүниеден өткен. 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліске қатыс­қан ақын семсер сөзді серік еткен. Патша жендет­терінің қолынан қалың қазақ­тың қырғын табуы, үркіншілікке ұшырап, Қытай асуы «Ел жарыла көшкенде» дастанында көркем тілмен баяндалады. Шығарманы Бөлтіріктің өз аузынан 1920 жылдардың аяқ шенінде қазақ әдебиетінің айтулы тұлғаларының бірі Ілияс Жансүгіров жазып алған екен. Оның Жамбылмен, Майкөтпен айтыстары да ел аузында сақталған. Еліміз егемендік алғаннан кейін Бөлтірік Атыханұлының 125 жылдық мерейтойы республика деңгейінде аталып өтті. Ал 1998 жылдың көктемінде Алматы қаласындағы қазақ мектеп-гимназиясына есімі берілді. Биыл ақынның туғанына 155 жыл толып отыр. Осыған орай Бөлтірік бабаға арнауымды оқырман назарына ұсынып отырмын.

    Тұлпардай өрге салсаң қарқындаған,
    Көмейінен маржан сөз сарқылмаған.
    Күні кеше өтіпті ер Бөлтірік,
    Асыл жыры алмастай жарқылдаған.
    Көлбастау, Қарабұлақ – туған жері,
    Тап-таза, саф ауалы жасыл белі.
    Қарағайлы, ну орман, доланалы,
    Жер жаннатын жайлаған Албан елі.
    Албаннан таралады Қызылбөрік,
    Шеттерінен ділмәр-ді, тілге берік.
    Оқыған-тоқығандар көп шыққан соң,
    Қызылбөрік Албанға болған көрік.
    Қызылбөрік ұрпағы Аталық ер,
    Ардақтар қалың елі ұсынып төр.
    Ұлы дүбір, той болып, атын қосса,
    Айтады екен «Бәйгесін шаппай-ақ бер!»
    Аталықтың ақылы жаннан асқан,
    Қаһарланса сұсты екен мысы басқан.
    Қара қылды қақ жарып билік айтса,
    Жан болмапты теріс деп алдын тосқан.
    Бұл елде Әжібайдай батыр болған,
    Аруақты ер екен асып-толған.
    Құп көріп Аталықтың айтқандарын,
    Қасқайып жауға шапқан ерен оғлан.
    «Аға» деп ер Әжібай соңына ерген,
    Аңшы екен және Аталық асқан мерген.
    Екі арланның бастары қосылған соң,
    Тілегін Қызылбөрік, Құдай берген.
    Аталықтың ұрпағы Атыханды,
    Апайтөс, жауырынды, бура санды.
    Дулат барып шу жақтан жар таңдаған,
    Жары көркем болыпты ер тұлғалы.
    Таңдаған жар есімі – Рысты екен,
    Сабырлы, ақыл-ойлы бір істі екен.
    Қойға шапқан арланды соғып алған,
    Ер мінезді, қайратты, ірі істі екен.
    Тұңғышы Атыханның Бөлтірік-ті,
    Қуаныш қып құлағын ел түріпті.
    Ары қарай Бөріхан, Әлім қылып,
    Қиюын Құдай өзі келтіріпті.
    Бәтима, Бошқай қыздар болған тағы,
    Жарқырап өткен екен жастық шағы.
    Бошқай қыз кісі қолды болған дейді,
    Қалыпты тым ертерек солып бағы.
    Айтыс десе құлағы елеңдеген,
    Бөлтірікке жасынан қонған өлең.
    Атақты Жамбылменен бірге жүріп,
    Қырғызға талай асқан белеңменен.
    Бақ болса ел жұтамас талай қыста,
    Сөздері, айтыстары елге нұсқа.
    Бөлтіріктің өмірі тап келіпті,
    Қиын-қыстау кезеңге сол бір тұста.
    Патшадан жыл он алты жарлық шықты,
    Алынсын деп жұмысқа жастар мықты.
    Қорыққан орыстардан кейбір болыс,
    Дірілдеп бұттарына басын тықты.
    Албанның талай мықты жайсаңдары,
    Жарлыққа қарсы шықты, тайсалмады.
    Серікбай, Ұзақ батыр, Жәмеңке боп,
    Елімен бірге болды қайсар бәрі.
    Дәл сол кезде Бөлтірік қырық бесте,
    Әр жерде күнде жиын болды емес пе?!
    Қаладан қарулы әскер шығыпты деп,
    Қолына бұл да қару алды емес пе?
    Замана төңкеріліп олай-бұлай,
    Тұнығы шайқалған соң су да ылай,
    Әскермен атысады ер азамат,
    Оқ тиіп арғымақтар жардан құлай.
    Күз басы он алтының күстаналы,
    Кіл серке он екі адам ұсталады.
    Ішінде Ұзақ батыр, Жәмеңке бар,
    Қарақол түрмесі екен тұстағаны.
    Абақты іші адамға лықа толған,
    Үстеме қосылған бар және жолдан.
    Тесіктен атылған оқ кебін жалмап,
    Түрмеде талайлары шейіт болған.
    Тар жолға белін буып шыққан бекем,
    Осылай ажал құшқан талай көкем.
    Айдалып кеткен сол бір он екінің,
    Үшеуі-ақ елге аман жеткен екен.
    Қаншама ауыл ойран боп қас-қағымда,
    Ақ сөңке сүйек қалды, таста, құмда.
    Бөлтірік бәрін жазып қалдырыпты,
    «Ел жарыла көшкенде»   дастанында.
    Бөлтірікті жүрмедік жөнсіз мақтап,
    Қаншама күй шығарған нақпа-нақтап.
    Кезінде қатарының алды болды,
    Жүйріктейін бәйгеге қосқан баптап.
    Көп екен Бөлтіріктің айтыстары,
    Жамбылмен, Майкөтпенен сай тұстары.
    Орнаған соң кеңес кеп, жақ ашпапты,
    Көбең тартқан жұлдыздай Ай тұстағы.
    Белгілі жайт төңкеріс, ақырзаман,
    Ен жайлау, елсіз-күйсіз тақыр заман.
    Шыбындай боп қырылып қалың қазақ,
    Ел босып, шетке қашқан пақыр заман.
    Бөлтірік кеңесіңді мақтамаған,
    Ешқашан саясатын жақтамаған.
    Бұған куә Албанның қалың елі,
    Бұған куә Тәңірім, хақ Тағалам.
    Сондықтан қалған екен аты шықпай,
    Жаны таза болса да таңғы шықтай.
    Ойын айтып жүріпті кезі келсе,
    Қаймықпай, қорқақтамай, бүгіп-бұқпай.
    1928 – ерекше қаралы жыл,
    Бәленің басы болған аралы жыл.
    Бар малынан айырылып қалың қазақ,
    Бүкіл елдің жүрегі жаралы жыл.
    Сол жылы туған жерде құтты мекен,
    Бөлтірік дүниеден өткен екен.
    Қайыспаған, қайтпаған асыл ердің,
    Осылайша ажалы жеткен екен.
    Арада уақыт зулап өтті талай,
    Егемендік таңы атты аппақ арай.
    Жарқырап ер есімі шыға келді,
    Ақ алмас қын түбінде жатсын қалай?!
    Азат МҰСАҰЛЫ,
    ардагер-журналист

    Ұсынымдар

    Ұйғыр ауданына биыл 3.5 млрд теңге инвестиция тартылды

    Ұйғыр ауданына биыл 3.5 млрд теңге инвестиция тартылды

    2 years ago
    Қарасай ауданында «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 10 мектеп салынады

    Үш ауысымды мектептер саны азаймақ

    10 months ago
    Шаңырақ шамшырағы

    Шаңырақ шамшырағы

    1 year ago
    Жаңбырлы күн

    Жаңбырлы күн

    1 year ago
    «Үздік педагог» республикалық байқауы басталды

    «Үздік педагог» республикалық байқауы басталды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>