☀️
-7°C
Қонаев
Сейсенбі, Желтоқсан 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бәйгеде бағы жанғандар

    03.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қорғаныс
    Бәйгеде бағы жанғандар
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

    Осы аптада ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Нарынқол» шекара бөлімінің атыс алаңында мықтыларды анықтауға арналған қызметтік шаңғы биатлоны өтті. Сайысқа аталған департаменттің Райымбек, Қарасай аудандары бойынша шекара басқармаларынан екі құрама команда қатысты.

    Биатлонның бас төрешісі департаменттің жауынгерлік даярлық және әскерлер қызметі басқармасының аға нұсқаушысы подполковник Мұрагер Маратұлы болды. Ашылу салтанаты «Нарынқол» шекара бөлімінде өткен соң бірден «Қостөбе» шекара бөлімшесіндегі шағын полигонға аттанып кеткен командаларды шыңылтыр аяз қарсы алған. Дегенмен, бұған қарап жатқан ешкімді көрмедік. Жеңіске жетіп, алда Шекара қызметінің аясында өтетін биатлонға жолдама алу үшін жолдарына кездескен кез келген қиындықты еңсеруге тас-түйін дайын тұр.

    …Сонымен шаңғышылар бес шақырымнан тұратын сайыс кезінде граната лақтырып, қос қарудан нысана көздеуге тиіс. Оның бірі – Калашников автоматы болса, екіншісі мергендер винтовкасы. Тәртіпке сай, жаттығуды орындау кезінде мүлт кеткендерді 70 метрлік айып алаңы күтіп тұр. Сондай-ақ, әр команданың құрамында бір кинолог бар. Олар сайысқа өздерінің қызметтік иттерімен бірге түсіп, дайындықтарының жоғары деңгейде екенін көрсетті.

    Айту керек, Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының атынан түскен команданың капитаны «Текес» шекара бөлімшесінің бастығы капитан Н.Темірбаев шаңғы тебуден спорт шеберлігіне кандидат екен. Өзінің қар үстіндегі қимыл-қозғалысы да офицердің шаңғы тебудің шебері екенін көрсетіп тұр еді. Өзі де солай болып шыққан, Нұрбол сайыс кезінде бірінші келіп, осыған дейінгі рекордты жаңартты.

    Осылайша, бірнеше сағатқа созылған қызметтік шаңғы биатлонында бес айналымды бас өтумен шектелмей, граната лақтыру, нысана көздеуден өздерінің мерген екенін көрсеткен Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының құрама командасы бірінші орынды жеңіп алды. Бұған «Қостөбе» шекара бөлімшесіндегі бір айға созылған дайындықтың да зор көмек тигізгені анық.

    …Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Сүмбе ауылының мәдениет үйінде өтті. 2023 жылдың желтоқсан айында құрылысы бітіп, пайдалануға берілген заманауи үлгідегі руханият ошағының қасиетті сахнасында бәйгеде бағы жанған райымбектік команда департамент бастығы полковник А.Каюповтың грамотасымен марапатталып, мойындарына медаль тақты.

    Бұдан әрі рәсімнің соңы мәдениет үйіндегі жас өнерпаздардың шағын концерттік бағдарламасына ұласты. Ұлттық нақыштағы киім киген жас бишілер мен әншілер жарысқа қатысушылармен бірге «Сүмбе» шекара бөлімшесінің жеке құрамына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

    Ал оза шауып, бәйге алған команда енді Ақмола облысының Державинск қаласында өтетін аламанда ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің намысын қорғайтын болады.

    Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,

    ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі

    Ұсынымдар

    Жол азабынан құтылар күн жақын

    Жол азабынан құтылар күн жақын

    1 year ago
    Балқаштың тағдыры алаңдатады

    Балқаштың тағдыры алаңдатады

    1 year ago
    “Алатау тазалық үшін” экоакциясы басталды

    “Алатау тазалық үшін” экоакциясы басталды

    2 years ago
    Үлес қосуға дайын

    Үлес қосуға дайын

    2 weeks ago
    Бұл шара – бұрынғылардан өзгерек

    Бұл шара – бұрынғылардан өзгерек

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>