-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Барлығы да, поэзия, сен үшін!

    11.02.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Барлығы да, поэзия, сен үшін!
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

          Ақпан айы туса, бүкіл қазақ даласында Мұқағали жырлары жаңғырып жататындай. Жер-жерде ақынның туған күніне орай кеш өткізіліп, поэзияның Хантәңіріне құрмет көрсету дәстүрге айналған. Бұл дәстүрден Еңбекшіқазақ ауданы Көлді ауылында орналасқан мектеп ұжымы да сырт қалған жоқ. Мәдениет үйінде оқушылар арасында «Барлығы да, поэзия, сен үшін!» атты көркемсөз сайысы өтті.

    Көлді орта мектебінің қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігі ұйымдастырған іс-шараға Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаты Саят Дайымбаев, Тескенсу ауылдық округі әкімінің орынбасары Еламан Елубай бастап, ауыл тұрғындары түгел келді. Мәдениет үйі көрерменге толып, оқушылар «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын сахналады.
    Соғыстан әкесі қайтпаған Мұқағали жетімдік пен жесірліктің не екенін біліп өсті. Сондықтан соғыс тақырыбына қалам тербеген жыр­ларындағы жетімнің мұңы мен жесірдің зары кімді болсын бейжай қалдырмайды. «Біздер жетімдерміз», «Жесір үні», «Сәби ана» өлеңдерін сахналағанда да балалар шығарманы бойынан өткізіп, жетеріне жеткізіп айтып, көпшілікті тәнті етті.
    Көркемсөз сайысында оқушылар­дың өнеріне мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ш.Сансызбай, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің тілшісі Р.Нарханов, қоғам белсендісі Л. Қаналиева төрелік жасап, жүзден жүйрік шыққан өрендерді мадақтамалармен және демеушілер тарапынан бөлінген қаржылай сыйлық­тармен марапаттады. 5-7-сыныптар арасындағы бас жүлдеге Іңкәр Кенбайқызы лайық болса, І орын Әли Рустамұлы, ІІ орын Бақдәулет Жалғасбек, Әмина Әсілхан, ІІІ орын Айзере Абилулла, Айзере Бүркітбай, Айдос Балапанға бұйырды. Ал үлкен топта бас жүлдені Саялы Бауыржан алса, І орын Перизат Болатбек, ІІ орын Дильназ Мәмбетжан, Асылжан Нұржанқызы, ІІІ орын Дінмұхамед Жалғасбек, Жанерке Болатбай және Аяжан Әленге тапсырылды.
    Мұзбалақ ақынның жырлары – шеті мен шегі жоқ дархан даладай кең, түпсіз терең, Хантәңірі шыңындай асқақ, кәусар бұлақтай мөлдір, жанға дауа, тәнге шипа. Сөз қадіріне жеткен ғажайып суреткердің әр шығармасы оқырманның буынын басып, жан рахатын сыйлайды. Поэзияның шоқ жұлдызы Мұқағали мәңгілік жасай бермек!

    Гүлзира САДЫҚ,
    Көлді орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    АЭС құрылысын қолдады

    АЭС құрылысын қолдады

    8 months ago
    Елімізде азаматтарды емханаға тіркеу науқаны жүріп жатыр

    Елімізде азаматтарды емханаға тіркеу науқаны жүріп жатыр

    9 months ago
    Халықтың ынтасы айрықша

    Халықтың ынтасы айрықша

    2 years ago
    Қымыздан асқан дәм бар ма?!

    Қымыздан асқан дәм бар ма?!

    11 months ago
    Қазақстанда геологиялық ақпараттың 60 пайызы цифрланған

    Қазақстанда геологиялық ақпараттың 60 пайызы цифрланған

    2 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>