-13 °c
Qonaev
Thursday, June 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында Рәміздер күні атап өтілді

    04.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Мәдениет
    Алматы облысында Рәміздер күні атап өтілді
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Тұғырлы Туым» атты ауқымды патриоттық акция өтті. Бұл күні барлық аудан-қалада бір мезетте Мемлекеттік Ту көкке көтеріліп, елдік пен бірліктің белгісі ретінде ұлықталды.

    Мерекелік шаралардың басты бөлігі Іле ауданының Өтеген батыр кенті мен Қонаев қаласының 5-жағажайында ұйымдастырылды. Таңғы сағат 9:00-де Өтеген батыр ауылындағы Ту тұғыр маңына жиналған көпшілік Гимнді бірге шырқап, Көк байрақтың көкке көтерілу сәтіне куә болды.

    Мерекелік шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты. Аудандағы бүкіл мекеме, ұжым өкілдері салтанатты сап түзеп, Мемлекеттік Ту желбіреді. Жиналғандар алдында шағын концерт берілді. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жұртшылықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

    – Тәуелсіздіктің ақ таңы атқан сәттен бастап, қол жеткізген жетістіктеріміздің арқасында шырқалған Гимніміз бен желбіреген Туымыз арқылы күллі әлем Қазақстан атты бейбітшілік пен ынтымақтың ордасына айналған мемлекетімізді таныпбілді. Бұл халқымыздың рухы мен отансүйгіштік қасиеттерін одан әрі арттыра түсті. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған рәміздерімізді қастерлеу, оларға құрметпен қарау – әрбір қазақстандықтың қасиетті парызы, – деді облыс басшысы.

    Ары қарай шара концерттік бағдарламаға ұласып, патриоттық әндер шырқалды. Мерекенің екінші кезеңі Қонаев қаласындағы 5-жағажайда жалғасты. Қала көшелерімен өткен «Тұлпар» ретро көліктер шеруі мерекеге көрік беріп, жағажай алаңына тізіліп қойылды. Қала әкімінің құттықтауынан соң, концерттік бағдарлама ұсынылды. Көпшіліктің ерекше ықыласына бөленген сәт кәсіби флайбордшы Олеся Колесниченконың су үстіндегі көрінісі болды. Ол катерлер мен желкенді қайықтардың арасында әуеге көтеріліп, акробатикалық өнер көрсетті. Мазмұнды жиынды аудандық және қалалық Мәдениет үйі өнерпаздары жалынды жыр, айшықты арнауларымен ажарландырды.

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алатау қаласы «Еңбек» ықшамауданында мерекелік салтанатты жиын өтті. Оған қала әкімі Әркен Өтенов, қалалық мәслихат депутаттары, белсенді азаматтар, ақсақалдар мен аналар кеңесінің мүшелері және ауыл тұрғындары қатысты.

    Алғашқы болып сөз алған Алатау қаласының басшысы Әркен Хамитұлы жұртшылыққа ізгі тілегін жеткізді.

    – Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған рәміздерімізді қастерлеу, оларға құрметпен қарау – әрбір қазақстандықтың қасиетті парызы. Себебі Мемлекеттік рәміздер – ұлтымыздың тағдыры мен тарихын, ел ертеңіне деген сенімді бейнелейтін биік рухтың белгісі. Қаламызда ел намысын қорғай отырып, Көк Туымызды асқақтатып жүрген азаматтар жетерлік. Солардың ішінде Назым Қызайбай, Әсел Тоқтасын мен Регина Тибенованы ерекше атауға болады. Олардың төккен тері мен зор жетістігі біз үшін үлкен мақтаныш, – деді ол.

    Қала әкімінің құттықтауынан кейін жергілікті әншілер өз өнерлерін көрсетті. Шара барысында «Ауыл аналары және әлем» қоғамдық бірлестіктің төрайымы Патима Арсмазы ақжарма тілегін арнады.

    – Мен қазақстандықтарды еліміздің Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Біздің «Ауыл аналары және әлем» қоғамдық бірлестігіне биыл 20 жыл толып отыр. Осы жылдар аясында 10 миллион баланы демалыс аймақтарына жіберіп, оларды жаңа оқу жылына дайындауға атсалысып келеміз. 960- тан астам көпбалалы анаға көмек қолын ұсыныппыз. Әлі де болса бірлестік қаланың дамуына бір кісідей атсалысатынына нық сенімдімін, – деді ол.

    Алатау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Юсупов болса, жаңа қаланың болашағы жарқын боларына сенім білдіріп, ақ батасын берді.

    Ұсынымдар

    “Ел бірлігі қиын күндерде айқын көрінді”

    Қазақстан халқы өзгелердің теріс ықпалына түспейтін өз идеологиямызға сүйенуі керек — Президент

    1 year ago
    Өнегесі ел есінде

    Өнегесі ел есінде

    9 months ago
    Білікті кадр даярлауға бағытталған қадам

    Білікті кадр даярлауға бағытталған қадам

    2 months ago
    Асыл ана

    Асыл ана

    4 weeks ago
    2023 жылы Алматы облысының азаматтарына МӘСҚ – тан 50,1 млрд теңге төленді

    2023 жылы Алматы облысының азаматтарына МӘСҚ – тан 50,1 млрд теңге төленді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>