-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ел шебінің ерлері

    03.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қорғаныс
    Аптаптағы арпалыс
    0
    SHARES
    38
    VIEWS

    Поэзия мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың туған жері – шекара аймағы, тарихи оқиғаларға бай Нарынқол өңірі. Міне, осы жерге өткен жылдың күзінде әскер қатарына шақырылып, жас жауынгерлер курсынан өткен сарбаздардың келгеніне небәрі апта өтті. Осы аптаның ішінде олар не көрді? Алған әсерлері қандай? Шекараны болашақта кім қорғайды? Міне біз ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Нарынқол», «Сүмбе» шекара бөлімшелеріне жасаған журналистік ісапар кезінде көкейдегі осы сауалдарға жауап іздеп көрген едік.

    Қатардағы жауынгер Альтайр Абдрасилов Алматы облысының Қарасай ауданынындағы Жібк жолы ауылынан. Сарбаздың тығыршықтай денесіне қарап, оның әскерге дейін қандайда бір спорттың түрімен айналысқанын байқадық. Ойымыз алдамапты. Татамиде талай белдескен еркін күрес ерлерінің бірі көрінеді. Ал шекара туралы ойын ол былай деп тарқатып еді.

    – Оқу орталығында мен электр аспаптарының шебері деген  мамандық алып шыққан соң «Нарынқол» шекара бөлімшесіне жіберілдім. Мұнда 40-қа жуық сарбаз келдік. Бізді өте жақсы қарсы алды. Бөлімшеміз қос қабатты, қалың шыршамен көмкерілген әдемі ғимарат екен. Таулы екенін, көрші елмен ардағы шекараға жақын тұрғанымызды, сондықтан, бізге артылатын міндеттің ауыр екенін айтқан офицерлердің бастауымен, ертеңіне қызметімізбен таныстық. Маған қатты ұнады.

    Бәрінен де, ұлаңғайыр жеріміздің шетінде тұрғаныңды сезіну – сені мүлде басқа әсерге бөлейді. Осы жерді ғасырлар бұрын Райымбек бастаған қазақ батырлары жаудан қорғады деген ойдың өзі маған ерекшк күш береді!..

    Ал, қатардағы жауынгер Ернат Әділбайұлымен біз «Сүмбе» шекара бөлімшесінде кездестік. Ғайыптан. Бөлімшенің спортзалында жаттығу жасап жатқан жерінде үстінен түсіп, жас жігіттің кілем үстіндегі кәнігі спортшыларда ғана болатын қимыл-қозғалысы бізді өзіне магнитше тартқанын несін жасырайық?!

    Сөйтсек, сарбаз айналысатын спорттың түрі «Джиу-джитсу комбат» деп аталады екен. Ернат бұл спортпен жеті жасынан бері үзбей айналысып келе жатыр. Тіпті, республика аумағындағы жарыстарды місе тұтпай, халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатысып, жүлделі орындар алғанын ешқандай әсірелемей жеткізген ол біздің шекара туралы қойған сауалымызға былай деген:

    – Әскерге баруға өзім сұрандым. Бүгін қуанбасам, өкінбеймін. Бізді мұнда үстіне жаңа піскен ыстық бауырсақ қойылған шелпекпен қарсы алды. Мұндай құрмет адамның бойынша ерекше қуаныш сыйлайды екен, -дейді қатардағы жауынгер Е.Әділбайұлы. Негізі, біз өте жақсы ұжымға тап болғанымызды келген сәттен бастап, түсіндік. Бөлімше бастығы капитан Марат Сапаров бізді өзінің байсалды мінезімен бірден баурап алғанын ерекше айтуым керек.

    Тағы бір ерекшелігі, бөлімше шекараның дәл түбінде тұр екен. Біз мұны шекара нарядтарының қызметімен танысқан кезімізде өз көзімізбен көріп, алғашында таңғалдық. Аздап қобалжу да болды. Әрине, қорқу емес, қалай айтсам екен, нағыз шекараға тап болғаныңды сезіну – Эвереске көтерілгенмен бірдей…

    Өзінің шекарадағы алғашқы күндерін осылай деп суреттеуге тырысқан Ернаттан болашақта жақсы сарбаз шығатынына сенімді болдық.

    Біздің үшінші кейіпкеріміз, қатардағы жауынгер Берік Мухамедиев те осал сарбаздардың бірі емес. Берік те спортшы. Дзюдомен айналысқанын айтқан ол өзінің жоғары білімді екенін де ерекше леппен жеткізген.

    – Мен осы өңірдің Жамбыл ауданына қарайтын Ақсеңгір деген ауылданмын. Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық университетінің дегеншынықтыру факультетін бітірдім. Ал әскерге өзім сұрандым. Жұмыс істеп үлгеремін, алдымен азаматтық борышымды өтеп, жүзімнің ашық болғанын қаладым.

    Оқу орталығынан атқыш болып шықтым. Алған мамандығымның мен үшін маңызды екенін, осында келген сәтте бірден түсінгенімді айтсам, сенесіз бе? Сосын маған басқа емес, Хантәңіріндей қасиетті тауды көру бақыты бұйырыпты… Сондықтан, осындай жерде қызмет ету – мен үшін мақтаныш десем, асырып айтқаным емес!

    Ал қызметке тарту кезінде шекара нарядтарының қыры мен сырын үйренуді бірден бастап кеттік. Осыған дейін біз мұны тек теория жағынан білдік. Енді алған білімізді шекараның қажетіне жаратуға тырысамыз.

    Осылай деп күлімсіреген сарбаздың ағынан жарылған әңгімесіне алғысымызды білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледік.

    Иә, арқалы ақын Мұқаң айтпақшы, біздің сарбаздар Отанының шетінде! Оларды мұнда күн мен түнге жалғасқан қызмет күтіп тұр. Ал бұл – қастерлі де, мақтаныш!

    Олай болса, процесс басталды!

    Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,

    ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковни

    Ұсынымдар

    AMANAT өңір журналистерін құттықтады

    AMANAT өңір журналистерін құттықтады

    11 months ago
    Мемлекеттік тіл

    Мемлекеттік қызметке үміткерлерден қазақ тілін білу талап етілуі мүмкін

    2 years ago
    Алматы облыстық ауруханада пренатальды диагностиканың инвазивті әдістері жүргізіледі

    Алматы облыстық ауруханада пренатальды диагностиканың инвазивті әдістері жүргізіледі

    2 years ago
    Абылай ханды алғаш бейнелеген

    Абылай ханды алғаш бейнелеген

    2 years ago
    Гимнаст Құрбанов олимпиаданың күміс медалін иеленді

    Гимнаст Құрбанов олимпиаданың күміс медалін иеленді

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.