-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ардагерге құрмет

    17.04.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Ардагерге құрмет
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Күндей күркіреп өте шыққан Екінші дүниежүзілік соғыстың Жеңіспен аяқталғанына да 80 жыл! Бүгінде сол жеңімпаз жауынгер аталарымыз бен апаларымыздың қатары сиреп қалды. Өзіңіз ойлаңызшы, соғысқа 18 жасында аттанған сондағы жас жігіттің өзі қазір 102-де… Осындайда Мұқағали ақынның:
    Неменеге жетістің бала батыр,
    Қариялар азайып бара жатыр.
    Бірі мініп келместің кемесіне,
    Бірі күтіп, әнекей, жағада тұр, – дейтін өлеңі еске түседі.
    Қазіргі таңда ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінде қызмет еткен көзі тірі екі соғыс ардагері ғана қалыпты. Олар – Николай Таратунин мен Михаил Уколов. Осыдан екі жыл бұрын, 28 сәуірде 100 жасқа толған Николай Александровичтің тарихын шекарашылармен қатар, республика жұртшылығы жақсы біледі. Бүгінгі әңгіме Михаил Иванович туралы болмақ.
    Биыл 100 жасқа келетін Михаил Иванович 18 жасқа толысымен әскерге алынып, өзінің азаматтық борышын шекара шебінде өтейді. Мұнда ол өзі секілді жауынгерлермен бірге шекаралық бағандарды қайта қалпына келтірумен айналысады.
    Он бес жасында бас­­тал­ған соғыстың қиын­дығын бір кісідей көрген ардагер 1945 жылдың 9 мамырын аспанға оқ атып қарсы алғанын мақ­танышпен айтады. 1951 жылы әскерден босап, Алматыға оралған майдангер зейнетке шыққанша ішкі істер сала­сында қызмет атқарды.
    Қазір ардагер өзінің зайыбы Валентина Ивановнамен бірге Алматы қаласында тұрады. Екеуінің шаңырақ көтеріп, бірге тұрып келе жатқандарына биыл 71 жыл толады.
    Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Қарғалы» шекара бөлімшесі ардагер Михаил Уколовты өздерінің қамқорлығына алған болатын. Олар ардагерге тұрақты түрде материал­дық көмек көрсетіп, азық-түлік, қажетті заттарын алып беріп, үй тұрмысына да қолғабыс етеді.
    Шекара қызметкерлерінің бұл бастамасы өзгелерге үлгі етуге тұрарлық. Жалпы ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Ұлы Жеңістің 80 жылдығына – 80 игі шара» акциясы өтуде. Соның аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда.

    Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,
    ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі

    Ұсынымдар

    Алматы облысының кәсіпорындарында 4 мыңнан аса маман тапшы

    Алматы облысының кәсіпорындарында 4 мыңнан аса маман тапшы

    7 months ago
    Metito компаниясы Алматы облысында су тазарту және кәріз жүйесін жүргізуге мүдделі

    Әкім Алматы облысында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы сұхбат берді

    2 years ago
    Алдағы дамудың негізгі бағдары айқындалған

    Президенттің БАҚ саласындағы марапаттарына өтінім қабылдау басталды

    3 weeks ago
    Кәсіпкер құқығы қорғалады

    Кәсіпкер құқығы қорғалады

    6 months ago
    Кітап – білім кілті

    Кітап – білім кілті

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>