Кеген аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жомарт Дүкембаев бөлім қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша жиын өткізді.
Бұл шараның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, заң талаптарын құрметтеуге шақыру.
Мекеме басшысы Жомарт Дүкембаев сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кесел екенін атап өтті.
Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, қызметтік міндеттерді адал әрі сапалы орындау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, оларды болдырмау бойынша нақты тапсырмалар беріліп, қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.
Жиын қорытындысы бойынша бөлім қызметкерлеріне өз қызметінде ашықтықты қамтамасыз ету, азаматтармен жұмыс барысында заңдылық пен әділдікті басшылыққа алу міндеттелді.
Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Кеген ауданы


