«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Ұйғыр ауданы Ақтам ауылдық округіндегі сауда дүкендерінің иелеріне учаскелік полиция инспекторының қатысуымен алкоголь өнімдерін заң талаптарына сәйкес сату тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында кәсіпкерлерге алкоголь өнімдерін 21 жасқа толмаған азаматтарға сатуға болмайтыны нақты айтылды. Сондай-ақ, алкогольді белгіленген уақыттан тыс сатуға тыйым салынатыны ескертілді. Мамандар бұл талаптардың барлығы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау үшін маңызды екенін түсіндірді.
Дүкен иелеріне заң талаптарын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын да қатаң ескерткен тәртіп сақшылары жауапсыздықтың жарға жығатынын айтып, заңсыздыққа жол бермеуге шақырды. Әрбір кәсіпкердің өз жұмысында мұқият қарап, жауапкершілікпен қарауларын тапсырды.
Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу. Заң мен тәртіп қағидатын сақтау – тек мамандардың емес, әрбір азамат пен кәсіпкердің міндеті.


