Перейти к содержимому
Главная страница » Туристерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Туристерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді

«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету, әрі туристер арасында профилактикалық жұмыстар жүргізу мақсатында Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында«Тәртіп бұзушылықсыз туризм» атты акция өткізді.

«Жазғы маусымда табиғат аясында демалушылар саны артады. «Бес саусақ бірдей емес» демекші, бірі айналасын күл-қоқыстан тазартып жүрсе, енді бірі қоршаған ортаның жай-күйі мен экологиялық ахуалға бейжай қарайды» деген прокурорлар Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркініңқызметкерлерімен бірлесіп, парк аумағындағы демалушыларға ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын өткізді. Қоғамдық тәртіп пентазалықты сақтау, өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау, су көздерін ластамау, жасыл желектер мен қоршаған ортаға ұқыпты қарау жөніндегі заңнама талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатты қорғауға деген жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы аудан тұрғындары мен қонақтарын заң мен тәртіпті сақтауға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға және туризм мәдениетін бірге қалыптастыруға шақырды.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ