Түрген ауылдық округі аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында кезекті түнгі рейд ұйымдастырылды.
Рейдтік іс-шараға Түрген ауылдық округі әкімі аппаратының маманы, жастар ісі жөніндегі нұсқаушы және учаскелік полиция қызметкерлері қатысты.
Рейд барысында ауыл аумағындағы дүкендер араланып, кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сатуға жол бермеу туралы кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ заң талаптарын сақтау жөнінде ескертулер берілді.
Сонымен қатар, сағат 23:00-ден кейін көшеде жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта қоғамдық орындарда жүруіне жол бермеу қажеттігі ата-аналарына ескертілді.
Мұндай рейдтердің негізгі мақсаты – құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру. Осындай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғаса бермек.
Ж.Болатқанова,
Түрген ауылдық округі әкімі аппаратының
жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы


