-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ер есімі – ел есінде

    19.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Ер есімі – ел есінде
    0
    SHARES
    21
    VIEWS

          Еңбекшіқазақ аудандық Мәдениет үйінде Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, 1945 жылы Мәскеудің Қызыл алаңында ­Жеңіс шеруіне қатысып, мотоциклмен өткен жалғыз қазақ жауынгері, Қазақ КСР Оқу ісінің үздігі болған ұлағатты ұстаз Сәрсен ­Әбдіхалықовты еске алу кеші өтті.

    Облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық филиалы ұйымдастырған танымдық кешке майдангердің ұрпақтары, батырдың көзін көрген ауыл қариялары мен шәкірттері қатысты.
    Әке-шешеден ерте айырылған Сәрсен Жапар атасының қолында тәрбиеленіп, қағылез, зерек бала болып өседі. 11 жасында атасы да өмірден өткенде, балалар үйіне қабылданады. Қазақ, орыс тілдерінде ойын еркін жеткізетін ол Түрген педагогикалық училищесінде 3-курста оқып жүрген жерінен 1941 жылдың 18 тамызында әскерге аттанады.
    Фрунзе қаласында жасақталған 40-атқыштар бригадасының құрамында 1941 жылдың 6 желтоқсанында Мәскеуді қорғауға жіберіледі. Одан кейін Ржев, Калинин, Новоржев майдандарында ерен ерлігімен көзге түскен сержант сұм соғыста үш рет ауыр жараланады. 1944 жылдың 4 наурыз күні Новоржев қаласы үшін шайқаста алған жарақаттан емделіп, госпитальдан шыққанда, оны әскери басшылық Мәскеу маңындағы Ташино селосына мотоциклшілер даярлайтын оқу курсына жібереді. Ал 1945 жылдың наурыз айында курста алған үздік білімі ескеріліп, Мәскеудегі Сталин атындағы академияға жолдама беріп, Кеңес елінде жасақталған поляк жауынгерлерін әскери жабдықталған мотоциклге үйретуші ретінде нұсқаушылық қызметке аттанады.
    Майдан даласында ерлігімен көзге түскен Сәрсен Әбдіхалықовтың кеудесіне «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ерлігі үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін» наградалары тағылып, 1945 жылы Мәскеуде өткен тұңғыш Жеңіс шеруіне қатысады.
    Ардагердің өмірбаянын егжей-тегжейлі баяндап берген ұлы, Қазақстанның Құрметті журналисі, ҚР Мәдениет қайраткері, Б.Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» және «Отан патриоты» медальдарының иегері Марат Әбдіхалық кеш қонақтарын таныстырып, әкенің көзін көрген «Еңбекшіқазақ» аудандық газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжановқа сөз берді. Қаламгер сұм соғыстың зардабы, одан кейінгі халықтың ауыр тұрмысы жайында ой толғап, Сәрсен Әбдіхалықовтың жауға қарсы шайқасқан батыр ғана емес, туған жерінің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан нағыз ел азаматы екенін де айтты.
    Сәрсен ата соғыстан кейін Таутүргендегі мектепте мұғалімдік қызметке кіріседі. Сонда 40 жылға жуық еңбек етсе, оның 25 жылында директор болған. Ұлағатты ұстаздың шәкірттері Қуат Дәулетяров, Алмас Сегізбаев, Қазыбек Сұлтановтар ардагерді еске алу кешіне арнайы келіп, өткен күндердің естеліктерімен бөлісті.
    1949 жылы Түрген ауылдық округі бойынша депутат болып сайланған майдангер 1975 жылға дейін қоғамдық жұмыстарға білек сыбана кірісіп, талай игі істің басы-қасында жүрді. Кешке жиналғандар ардагердің ауылда пошта бөлімшесін ашу, су құбырын тарту, монша салу, тау етегіне 360 га жерге алма ағаштарын отырғызу сынды халық үшін жасаған жұмыстарын ерекше ықыласпен әңгімеледі.
    Ұл-қызы – Марат, Сәкен, Сәбит, Гүлнар, келіндері – Қазына, Ақшыбық, Нағима, немере-шөберелері – бәрі де кештің тағылымға толы өтуіне атсалысты. Немерелері майдангердің қаламынан туған өлеңдерін оқыды.
    Бейбіт күнде жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне, туған жердің гүлденіп, өркендеуіне бар өмірін арнап, мол үлесін қосқан майдангер есімі ел есінде мәңгі сақталмақ.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Жеті өнерді бойға жинаған

    2 years ago
    Шеңгелдіде Наурыз мерекесі қалай тойланды?

    Шеңгелдіде Наурыз мерекесі қалай тойланды?

    1 year ago
    Жүзден жүйрік шықты

    Жүзден жүйрік шықты

    10 months ago
    3 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті: «Келешек мектептері» жобасы аясында жаңа буын ұстаздары даярлануда

    3 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті: «Келешек мектептері» жобасы аясында жаңа буын ұстаздары даярлануда

    2 weeks ago
    Қазақстан қазынашылық жүйесінің құрылғанына – 30 жыл

    Қазақстан қазынашылық жүйесінің құрылғанына – 30 жыл

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.