-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Gate City» қалашығында 900 орынға арналған мектеп салынып жатыр

    11.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Инфрақұрылым
    «Gate City» қалашығында 900 орынға арналған мектеп салынып жатыр
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Өткен жылдың қаңтар айында құрылған жаңа қалада құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Іле ауданының құрамында болған, бүгінде асқаралы Алатаудың атын иемденген бұл шаһарда 50 мыңнан астам халық тұрады. 12 ықшам ауданы бар өңірдің инфрақұрылымын жүйелі түрде қалыптастыру мақсатында 13 «өсу нүктесі» анықталып, олардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен инженерлік-коммуникациялық желілердің техникалық құжаттамалары әзірленуде. Бұл туралы Алатау қаласының әкімі Әркен Хамитұлы баспасөз мәслихатында айтты.
    «Халық қаласа, хан түйесін сояды» демекші, бұқараның жергілікті биліктен сұрағаны заманауи жабдықталған аурухана, яғни, сапалы медициналық қызметке қол жеткізу екен. Халық үніне құлақ асуды ұйғарған әкімдік бірнеше ықшам ауданда медициналық мекеменің құрылысын бастауға ниетті. Атап айтар болсақ, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында Еңбек және Жаңаарна ықшам аудандарында 2 фельдшерлік-акушерлік пунктің құрылыс жұмыстары жүргізілуде және осы жылы қолданысқа беру көзделіп отыр.
    «Жетіген және Қоянқұс ықшам ауданында 250 орындық емхананың, сондай-ақ Жаңадәуір ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу бойынша кешенді жұмыстар атқарылуда. Жобалау жұмыстарының оң сараптамалық қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс-монтаждау жұмыстары жоспарлы түрде, кезең-кезеңімен іске асырылатын болады», – деді Алатау қаласының әкімі Әркен Хамитұлы.
    Бұдан бөлек, шаһар аумағында «Жайлы мектеп жобасы» жанданған. Қала басшысының сөзіне сенсек, 2024 жылы ұлттық жоба аясында Еңбек ықшам ауданында жобалық қуаттылығы 600 орынға арналған мектеп қолданысқа берілді. Сонымен қатар, осы жоба шеңберінде «Gate City» қалашығында 900 орынға арналған мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде және биыл қолданысқа беру жоспарлануда.
    Сондай-ақ, Жетіген ықшам ауданында 280 орындық мәдениет үйі мен 100 адамға арналған спорт кешенінің құрылысын салу үшін 1 гектар жер телімі бөлініп, бүгінде жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп жатыр.
    Қала әкімі Әркен Хамитұлы былтыр 46 млрд. теңге инвестиция тартылғанын алға тартты. Ал, биыл бұл көрсеткіш 100,7 млрд. теңгеге жетуі тиіс.
    «Қазіргі таңда, қалаға инвестиция тарту мақсатында «Алатау арнайы экономикалық аймағы» басқарушы компаниясымен және Алматы облысының Өңірлік даму орталығымен белсенді өзара іс-қимыл жүргізілуде. Биыл 10 ірі инвестициялық жобаның құрылысы басталады», – деп қорытындылады қала әкімі Әркен Хамитұлы.

    Ұсынымдар

    Ел сенімі жеңіске жетелейді

    Ел сенімі жеңіске жетелейді

    11 months ago
    АЛМАТЫ ЖӘНЕ ҚОНАЕВ

    АЛМАТЫ ЖӘНЕ ҚОНАЕВ

    9 months ago
    Экономикаға оң әсер етеді

    Экономикаға оң әсер етеді

    9 months ago
    Ұлттық киім киген азаматтық белсенділер

    Ұлттық киім киген азаматтық белсенділер

    8 months ago
    Суықтөбе назардан тыс қалмасын

    Суықтөбе назардан тыс қалмасын

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.