Перейти к содержимому
Главная страница » «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтініш қабылдануда

«Халық қатысатын бюджет» жобасына өтініш қабылдануда

Қонаев қаласында көшелер мен аулаларды абаттандыру мақсатында жыл сайын «Халық қатысатын бюджет» жобасы жүзеге асады.

Аталған жобаның басты артықшылығы – кез келген тұрғын абаттандыру бойынша әкімдіктің ресми сайтында өтініш қалдыра алады. Биыл 20 жоба жүзеге асады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда өтініштер қабылдануда.

Бұл жобалардың аясында:
1. Қаланы көгалдандыру және көріктендіру;
2. қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру;
3. жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және т. б.) құру, жөндеу және жарықтандыру;
4. бордюрлерді, тас төсеніштерін ауыстыру, жарық бағаналарын жөндеу;
5. қоқысты жинау және өңдеу мақсатында полигондарды жою;
6. балалар ойын алаңдары мен түрлі сәулеттік нысандар, қоқыс жәшіктерін, демалыс орындарын (беседка) орнату және жөндеу;
7. аулаларда және қоғамдық орындарда спорттық алаңдар орнату, жөндеу, жарықтандыру;
8. тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
9. санитария деңгейін қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар қабылдау көзделуде.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр аталған жоба аясында 10 аумақ жаңартылып, тұрғындарға қолайлы орта жасалды.