-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қоғам ұйытқысы

    15.02.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Қоғам ұйытқысы
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Қазыналы қарттар игі істер­дің ұйытқысы болып, ұрпақ тәрбиесіне ұлағатын қалды­руды өздерінің берік ұста­нымына айналдырып келеді. Қарасай аудандық арда­герлер ұйымының құра­мында 1 қалалық, 10 ауылдық ардагер­лер ұйымы, сондай-ақ «Асыл ана» қоғамдық бірлестігі мен 55 бастауыш ұйым бар. Аудан­дық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағат Мәсімақынов аталған ұйымдардың жыл ішінде атқарған жұмыстарын саралады.

    Бүгінде ауданда Екінші дүниежүзі­лік соғысқа қатысқан ардагерлерден ешкім қалмады. Тыл еңбеккерлерінің өзінен 406 ардагер ғана бар. Чернобыль апатына қатысқандар саны – 57, Ауған соғысының ардагерлер саны – 249, өңірдегі зейнеткерлер 30114 адамды құрайды.
    Баяндама барысында айрықша жұмысымен көзге түскен ұйымдар аталды. Мәселен, Бекболат ауылдық ардагерлер ұйымында зейнеткер жасындағы адамдардың құқықтарын қорғау және оларға әлеуметтік жағынан қамқорлық көрсету жақсы жолға қойылған. Сол сияқты О.Жандосов атындағы ардагерлер ұйымындағы жұмыста да жүйелілік бар деп айтуға болады. Аталған елдімекенде этнос өкілдерінің мәдениетін дәріптеу, ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты қастерлей білу жағы басымдау екені олардың мәртебесін көтеріп, абыройын асқақтатып жүр. Ал Жібек Жолы ауылдық ардагерлер ұйымындағы ынтымақ пен бірлік, Әйтей ауылындағы жастар тәрбиесіндегі жақсы істер жан сүйсінтеді.
    Ұйым жұмысына өз тарапынан қанағат­танарлық баға берген Ұмтыл ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Елтай Хасенов өткен жылы аудандық мәслихаттың қолдауымен 50-дей ардагер Түркістандағы қасиетті орындарда болып қайтқанын мақтанышпен әңгіме арқауына айналдырды. Сол сияқты Үштөбе қаласында өткен заңғар жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына ардагерлердің қатысқаны ұмытылмас сәттер екенін тілге тиек етті.
    Жиында Әйтей ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Амангелді Шәріпқұлов аудандық ардагерлер ұйы­мы­­­ның қашан болса да жақсы істер­дің жанашыры болып жүргеніне арнайы тоқталды. Елтай ауылдық ардагер­лер ұйымының төрағасы Есенгелді Салибеков те өз ой-пікірін ортаға салды. Ол аудандағы ардагерлер Жаңабай Құлшиев ақсақалдың Қарқарада өткен «Қымызмұрындық» байқауында бата беруден облыста екінші орын иелен­генін ыстық ықылас­пен атап өтті.
    Жиында сөйлеушілер қатары көп болды. Олар­дың қай-қайсысы болса да салауатты өмір салтын қалыптас­тырудағы ұйым­ның белсен­ділі­гін сөз етті. Бұл орайда Іргелі ауылын­дағы Болат Бұршақбаев, Қалиахмет Көшкенбаев, Тілеухан Әлімбаев, Пазыл Тәжмұрат, Амандолла Әбдімұратов, тағы басқа ардагер­­лердің аттары атқарып жатқан жұмыстары арқылы әспеттелді. Жаңадан құрылған «Асыл ана» қоғам­дық бірлестігінің төрайымы болып Ұлтусын Бархинова сайланды.
    Осы жылы ардагерлер ұйым­дары­ның төрағалары болған Елтай Хасенов, Қалида Қосшығұлов, Базаркелді Анисов, Амангелді Толымбековтер «Алматы облысының Құрметті ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Ардагер­лер қауымы ұйымның жыл ішіндегі жұмысына қанағаттанарлық баға берді. Сонымен бірге алдағы міндеттер мен іс-шаралар жоспарын бекітті.

    Қанат ТӘКЕБАЕВ,
    Қаскелең қалалық ардагерлер
    ұйымының төрағасы
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Біздің арамыздағы батырлар: құтқарушылардың шабыт беретін әңгімелері

    Біздің арамыздағы батырлар: құтқарушылардың шабыт беретін әңгімелері

    1 month ago
    Электр желісіне қосылу үшін техникалық шарттарды алу

    Электр желісіне қосылу үшін техникалық шарттарды алу

    1 year ago
    Абырой биігіндегі азамат

    Абырой биігіндегі азамат

    2 years ago
    ҰСТАЗДАР ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ

    ҰСТАЗДАР ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ

    8 months ago
    Күдеріден киім тіккен

    Күдеріден киім тіккен

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>