-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мемлекет адал кәсіпкерлерді қолдайды

    10.02.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Мемлекет  адал кәсіпкерлерді қолдайды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ отандық бизнес өкілдерімен кездесіп, Қазақстанның көшбасшылық рөлін сақтау және күшейту міндеті ұлттық идеяның маңызды бағытына айналуы керегін баса айтты. Басқосуда Президент қазіргі заманның басты мәселелерін шешу жолында Қазақстан жаңа көзқарас пен жаңа тәсілдер дәуіріне қадам басқанын, ал ескірген стереотиптер өткеннің еншісінде қалғанын атап өтті. Сондықтан еліміз түбегейлі өзгеріп, жаңа жағдайға бейімделуі керек. Бұл ретте шағын және орта бизнесті қолдау мәселесі ұдайы Үкімет назарында болуы тиіс.

    Мемлекет басшысы алға қойылған міндеттерді шешу жолында билік пен ірі кәсіпорын иелерінің арасында нәтижелі байланыс орнату маңызды екенін алға тартты. Президенттің пікірінше, ел экономикасын көтеру үшін кәсіпкерлермен бірлесіп, ауқымды жобалар дайындау қажет. Инвестиция тарту басты қадам­ның бірі саналғаны­мен басқа да салаларға ден қойған абзал. Мәселен, туризм, жүк тасымалы, теміржол, әуе қатынасы сияқты әлем­де үлкен сұранысқа ие салалар бізде әлі толық өз деңгейінде дами алмай отыр. Бұл орайда кәсіпкерлікке тосқауыл болатын көптеген құжаттар, тексерулер баршылық. Президент бұл мәселені де айналып өтпей, бірнеше нормативтік құжат ізгілендірілгенін, негізсіз тексерулер мен айыптаулар айтарлықтай қысқарғанын жеткізді. Бір сөзбен айтқанда, Үкімет кәсіп­керлікті қолдауға бар жағдайды жасап отыр.
    Ел басшысы соңғы уақытта көпшілікті алаңдатқан үлкен мәселе – қосымша құн салығына да кеңінен тоқталды. Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысық­тауды тапсырып: «Кез келген рефор­­маны жан-жақты сараптап, байыппен жүргізген жөн. Экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі нұсқаларды әзірлеу керек. Қосымша құн салығына қатысты бұған дейін көзқарасымды білдірмеген едім. Өйткені қызметтік дәрежеме сәйкес, менің әрбір сөзім, пікірім қатаң тапсырма сияқты қабыл­­данады. Соған қарамастан бұл мәселе бойынша ойымды жеткізгім келеді. Қалай десек те, қосымша құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс. Үкімет түпкілікті шешімді білікті сарапшылардың, қайталап айтамын, білікті сарапшы­лар мен кәсіпкерлердің, әлбетте депутат­тардың пікіріне құлақ аса отырып, нақты есептеулер негізінде қабылдағаны дұрыс. Бір анығы, Үкіметтің қазіргі ұсынып отырған мөлшерлемесі тым жоғары. Сіздер нақты цифрды айттыңыздар. Оны қоғам қызу талқылады. Тіпті, кей жағдайда артық сөздер де айтылды. Дегенмен бұл қоғам талқысына алдын ала салынған ұсыныс болатын. Тағы қайталап айтамын, Үкіметтің бұл бағыттағы жұмысы бизнес, қоғам, кәсіпкерлер, сарапшылардың, яғни барлық тараптың пікірі ескеріле отырып жалғасуы керек. Биыл нақты шешім қабылдануға тиіс. Мен бұған дейін де айттым. Үкімет бұл мәселені депутаттармен және сарапшылармен егжей-тегжейлі талқылауы керек. Айтылған ой-пікірлер ескеріледі. Мемлекетке барынша оңтайлы шешім қажет. Яғни, бір жағынан, бизнес жүргізуге кедергі келтірмей, қолайлы жағдай жасайтын, ал екінші жағынан, салыққа қатысты тәртіпті күшейтіп, бюджет кірісін арттыратын тиімді жолды табуымыз қажет», – деді.
    Мемлекет басшысы еліміздің қаржылық жағдайы, кейбір дақ­пырттарда айтылғандай, мүшкіл емес екенін, бірақ босаңсуға болмай­тынын, экономикада 4,8 пайыздық өсім барын, десек те, дамудың жаңа даңғылын іздеу керегін әңгімеледі. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, тек бюджет қаржысымен экономиканы жаңғырту мүмкін емес. Аталған үдеріске банктердің бәрі атсалысқаны маңызды. Жиында Ұлттық қор, бизнесті қолдау, банктердің жұмысы жайлы сөз болды. Сонымен бірге, несие алатын жекелеген азаматтар­дың жай-күйі де негізгі тақырыпқа айналды. «Реттеушілік шаралардың қатаңдағанына қарамастан, тұтыну­шылық несие көлемі бұрынғыдай өсіп келеді. Былтыр аталған көрсеткіш 33 пайызға ұлғайды. Ал проблемалық борышкерлердің саны 1,5 миллион адамнан асты. Қарызға белшесінен батқан азаматтарға көмектесу керек. Бұл – аса өзекті саяси мәселе. Сонымен қатар қаржылық сауат­ты арттыру, әсіресе өскелең ұрпақтың осы бағыттағы білімін жетіл­діру маңызды. Осы ретте банктер проблемалық займдарды қайта қаржыландыру жұмыстарын күшейтіп, борышкерлердің санын өсіруге жол бермегені жөн», – деді Президент.
    Мемлекет басшысы сөз қорытын­дысында былтыр көктемде болған су тасқыны кезінде қаржылай қолдау көрсеткен барша кәсіпкерлерге алғыс айтты. «Сөз соңында қайталап айтқым келеді: мемлекет еліміздің өндірісіне қаржы салатын, тұрақты жұмыс орын­дарын ашатын адал кәсіпкерлерді әрдайым қолдайды», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
    Жиын соңында Үкімет мүшелері, кәсіпорын басшылары сөз сөйлеп, пікір білдірді.

    Қуаныш ТҰНҒАТАР

    Ұсынымдар

    Маңызды қадам

    Маңызды қадам

    9 months ago
    Қатерлі ісікке шалдыққан науқас ауруынан құлантаза айықты

    Қатерлі ісікке шалдыққан науқас ауруынан құлантаза айықты

    10 months ago
    Үйі өртеніп кеткен тұрғындар баспаналы болды

    Үйі өртеніп кеткен тұрғындар баспаналы болды

    1 year ago
    Ақынның «алтын шапаны»

    Ақынның «алтын шапаны»

    2 months ago
    Бәрі де балалар үшін

    Бәрі де балалар үшін

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>