-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ою-өрнек – ұлт ажары

    17.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік, Мәдениет
    Ою-өрнек – ұлт ажары
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Гүлнәр Уатқан – Моңғолияда туып-өскен қандасымыз. Атажұртқа көшіп келгеніне 20 жылдан асып барады.  Оның киізден жасалатын  өнімдерге деген әуестігі бүгінде үлкен кәсіпке ұласып, табыс қана емес, сонымен бірге танымалдық әкелген сүйікті ісіне айналып отыр.       

    Шебердің қолынан шыққан әртүрлі бұйымдар ұлттық ою-өрнектермен ерекшеленеді. Сондықтан да болар, қазіргі кезде ұлттық тамырын іздеп, ұмытылған әдет-ғұрып, салт-дәстүрін жаңғыртуға ұмтылып жатқан ағайын Гүлнәрдің бар өнерін салып,  асқан сүйіспеншілік, нағыз шеберлікпен тігіп, көркем безендірген өнімдерін көптеп сатып алып жатыр. Соның арқасында уақыт өткен сайын табысы молайып, өзі де ұлттық бұйымдарды тұтынушылар арасында танымал болып келеді. Бұған республикалық және халықаралық байқаулар мен көрмелерге белсене қатысып, өнімдерін  жұртшылыққа мейлінше кеңінен таныстыруы да ықпал еткені сөзсіз.

    Ол дүние есігін ашқан Бай-Өлке аймағы – Моңғолиядағы қазақтар ең көп қоныстанған өңір, тұрғындарының 90 пайыздан астамы өзіміздің қаракөз қандастар. Бұл өлкенің басты ерекшелігі – бұрыннан нағыз қолөнер шеберлері мен тігіншілерді тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келеді. Гүлнәрдің ата-анасы да тігіншілікпен айналысып, оның қыр-сырын ұл-қыздарына жалықпай үйреткен. 2002 жылы ол арнайы оқу орнында оқып, тігінші мамандығын меңгерген соң бұл кәсіппен байсалды түрде айналысып, әртүрлі сөмке, киімдер тігіп, тіпті аксессуарлар дайындай бастайды. Одан бері де міне, 20 жылдан аса уақыт өтіпті. Осы жылдар ішінде ол көрмелер мен байқауларға да белсене қатысады. Әсіресе бұдан 15 жыл бұрын Ресейде өткен халықаралық көрме оның болашақ бағытын айқындап, нағыз қолданбалы өнердің шебері екенін анық көрсетті. Осылайша ол бірнеше рет Ресейдегі қазақ қауымдастығының 20 жылдығына орай Новосібір, Барнауыл, Омбы қалаларында өткен  этникалық дизайнерлердің көрмесінде бақ сынады. Олардан басқа Моңғолия мен Қазақстанда өткен үлкенді-кішілі көрмелерге белсенді қатысып, өз бұйымдарын таныстырды. Соның арқасында  көптеген  ұсыныс түсіп, жаңа әріптестер табады, олармен іскерлік қарым-қатынас орнату жөнінде келісімдер жасайды. Осындай тынымсыз еңбек пен ізденістің арқасында кәсібі өрге домалап, 30-дан аса әртүрлі марапатқа ие болады.

    Қазіргі кезде отбасылық кәсіпке айналған сүйікті ісін өмірлік жары Қауметбай Уатханмен бірге дамытуда. Олардың қолынан шыққан сөмке, қамзол, шапан, жеңіл аяқ киім мен картиналарға сұраныс жоғары. Оның көбін он қолынан өнер тамған шебер – күйеуі Қауметбай жасайды. Осылай бала күндегі тігіншілікке деген әуестік отбасын асырайтын табыс көзі, тұрақты кәсіпке айналады.

    Гүлнәр жеткен жетістігіне тоқмейілсімей, кәсіпкерлік курстарына қатысып, білімін жетілдіруге көп уақыт бөледі. Жуырда ғана үш күндік шеберлік сыныбына қатысып, одан да біраз қызықты және пайдалы ақпарат алды.

    – Моңғолия – жүн мен киіздің Отаны, бұл елде киізден әртүрлі бұйым жасау өнері қатты дамыған. Қазақстандық шеберлер де киізбен ұқыпты жұмыс істей алады. Ол үшін елімізде сапалы материалдар, былғары мен жүн де жетеді. Біздің де еңбегіміз бағаланып, облыс көлемінде өткен «Бір ауыл – бір өнім» байқауында жұмысымыз ең үздік он жобаның қатарына енді. Қазір кең байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен, тіпті  шетелдерден де тапсырыс түсіп жатыр, – дейді   Гүлнәр.

    Бір айта кететін жайт, ерлі-зайыпты кәсіпкерлер ешқашан мемлекет көмегіне жүгінбеген. Кәсібін өз күші, өз білімі, өз қаражаттарымен жүргізіп, жыл өткен сайын дамытып келеді. «Еңбек етсең ерінбей, тояды  қарның тіленбей» деген даналыққа сүйеніп, балаларын да оқуға, ізенденуге, адал еңбек етуге баулып келеді. Ал адамды адам ететін нәрсе – еңбек десек, олар келешекте жаман адам болмайтыны анық.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы 

    Ұсынымдар

    ЖӘКЕ

    ЖӘКЕ

    3 months ago
    Шуақты күн, шырайлы мереке

    Шуақты күн, шырайлы мереке

    2 years ago
    Онлайн аударым: қате жіберілген ақшаны қалай қайтаруға болады?

    Онлайн аударым: қате жіберілген ақшаны қалай қайтаруға болады?

    2 years ago
    Құрыш білектің құдыреті

    Құрыш білектің құдыреті

    10 months ago
    Жұмысшы мамандықтарының жылы: Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау басталды

    Кәсіптік және техникалық білім беру мүмкіндіктері

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>