⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Ақпан 5, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Оқушылар ой жарыстырды

    06.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Оқушылар ой жарыстырды
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

            «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының өңірлік кезеңі мәресіне жетіп, облыстағы үздік бес оқушы республикаға жолдама алды. Жастардың білім көкжиегін кеңейтіп, логикалық ойлау, талдау мен жүйелеу машықтарын жетілдіріп, шешім қабылдау қабілеті мен шапшаңдығын да сынға салатын білім бәйгесі «Хабар» агенттігі мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен қайта жанданды.

    Мектепішілік, аудандық кезең­дерде іріктеліп, Алматы облысының 43 мектебінен жиналған 68 оқушы Еңбекшіқазақ ауданы Ә.Бөкейханов атындағы орта мектеп базасында бақ сынады. Аудандық және қалалық кезеңдерде 30 сұраққа 45 минут берілсе, облыстық сында 60 сұраққа 75 минутта жауап беру керек.
    Қарасай ауданы «KursantBilim Group» мектебінен Нұрәлі Алдаберген мен Шалқар орта мекте­бінен Аяна Зауыт, Талғар ауданы №13 орта мектептен Әділет Ержанұлы, Ш.Смағұлов атындағы мамандан­дырылған физика-математика лицей-интернатынан Толғанай Мүсірхан және Еңбекшіқазақ ауданы Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебінің 11-сынып оқушысы Мейрамбек Исамұханбетов қатарластарынан оқ бойы озық шығып, білім сайысының республикалық кезеңіне жолдама алды.
    «Бұл сайысқа қатысу мақсатым – жаңа білім алу, көшбасшы ретінде өзімді сынап көру, басқа жастармен тәжірибе алмасу. Сайыс сұрақтары әр саланы қамтыған, жан-жақтылықты талап етеді», – деген Мейрамбек болашақта инженер мамандығын игеріп, қарыштап дамып жатқан құрылыс саласына өз үлесін қосуды армандайды.
    Республикадан үздік шыққан үш жеңімпаз еліміздің жоғары оқу орындарында оқу гранттарын жеңіп алу мүмкіндігіне ие. «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы – еліміздің түкпір-түкпіріндегі озық ойлы жастардың басын қосып, білімін сынайтын үздік білім додасы. Аталған жарыстың араға жылдар салып, ортамызға қайта оралуы – мемлекет тарапынан білім саласына деген айрықша көзқарастың бір белгісі», – дейді облыстық білім басқармасы «Жас дарын» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау ғылыми-практикалық орталығының директоры Ардақ Әсілбаева.
    «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының республикалық кезеңі 2025 жылдың наурыз-сәуір айларында Алматы қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Цифрлық дамуға жол ашады

    Цифрлық дамуға жол ашады

    2 months ago
    Шәкәрім мұрасы ұлықталған күн

    Шәкәрім мұрасы ұлықталған күн

    3 years ago
    Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады

    Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады

    9 months ago
    Биыл қанша пәтер пайдалануға беріледі?

    Биыл қанша пәтер пайдалануға беріледі?

    1 year ago
    МӘМС-ке биыл кім қанша жарна төлейді?

    Мәжіліс МӘМС жүйесін өзгертетін заң жобасын мақұлдады

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>