2024 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 901,9 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беру жоспарланған, жыл соңында 954,6 мың шаршы метр тұрғын үй қабылданды, оның ішінде:
бюджет есебінен — 20,8 мың шаршы метр,
халық есебінен — 586,4 мың шаршы метр,
жеке құрылысшылар есебінен-347,4 мың шаршы метр.
Сонымен қатар, облыс бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы 1304 тұрғын үй сатып алуға 20,7 млрд теңге қарастырылды, оның ішінде: республикалық бюджеттен 315 үй сатып алуға 4,5 млрд. теңге, «Самұрық-Қазына» АҚ-мен қаржыландырылатын 989 үй сатып алуға 16,2 млрд. теңге. Жыл қорытындысында 1281 тұрғын үй сатып алынды (Балқаш — 35, Еңбекшіқазақ — 73, Жамбыл — 84, Іле — 240, Қарасай — 199, Райымбек — 21, Талғар — 254, Ұйғыр — 47, Қонаев — 321, Алатау — 7).
2025 жылы барлық қаржыландыру есебінен 787,5 мың шаршы метр тұрғын үй қабылдау жоспарланып отыр, оның ішінде:
бюджет есебінен — 118,1 мың шаршы метр,
халық есебінен — 580,8 мың шаршы метр,
жеке құрылысшылар есебінен-88,6 мың шаршы метр.
Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында осы жылы 348 тұрғын үй салу жоспарлануда
