Алматы облысы әкімінің өкімімен Әскербеков Әнуар Жанболатұлы Талғар ауданының әкімі лауазымына тағайындалды. Әнуар Жанболатұлы 1992 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, 2014 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Экономика» мамандығы бойынша, 2016 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтап, 2020 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде магистр дәрежесін алған. Әр жылдары «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның Алматы қаласы бойынша филиалының “Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы” департаментінің жоспарлау және талдау бөлімінің 1-ші санаттағы экономисті, жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы, бөлім басшысының орынбасары, бөлім басшысы, құжаттамалық қамтамасыз ету және талдау басқармасының басшысы, Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының бас маманы, Алатау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, аудан әкімі аппаратының басшысы, «Алматы тазалық» МКК директорының жалпы сұрақтар және қаржы мәселелері бойынша орынбасары лауазымдарын атқарған. 2023 жылдың сәуір айынан бері Талғар ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет етті.
