-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Сафи тәттілері» тіл үйіреді

    25.02.2025
    in Барлық жаңалықтар
    «Сафи тәттілері»  тіл үйіреді
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

          Райымбек ауданы Қайнар ауылындағы «Сафи тәттілері» кондитерлік өнімі жайлы естуіңіз бар ма? Иә, иә, Сафи тәттілері! Бұл – Фариза Ақылбекқызының қолынан шыққан, дәмі тіл үйіретін кондитерлік өнімдер.

    Бүгінде кәсіп ашамын деген жанға мүмкіндік шексіз. Міне, сондай табыс көзін тауып, өз мүмкіндігі мен қабілет-қарымын орайлы жүзеге асыра білген жанның бірі – Кеген ауданының тумасы Фариза Молдабергенова. Д.Қонаев атындағы колледжді банк ісі мамандығы бойынша бітірген маман қалай кондитерлік өнімдер даярлайтын кәсіпкерге айналды дейсіз бе? Фариза Ақылбекқызы Райымбек ауданы Қайнар ауылының азаматына тұрмысқа шығады. Алғашқы ұлы дүниеге келген соң, оның туған күнінде өз қолынан торт пісірмек болады. Тұңғышының туған күніне әзірлеген торты өзінің де, өзгелердің де көңілінен шығып, жас ананың кондитерлік өнімдер дайындауға қызығушылығын оятады. Ол бос уақытында тәттінің түр-түрін пісіріп, машықтанады. Оны сатып, табыс табуды да ойлайды. Бірте-бірте Фаризаның өнімдері алыс-жақын ауылдарға мәлім болып, тұтынушылар саны көбейе түседі. Осылайша, кәсіпкердің үлкен кәсіпке деген алғашқы қадамы торт, бәліш, тоқаш пісіруден басталады.
    Фаризаның тәтті пісіруге деген қызығушылығы үлкен мақсатқа айналып, аудан көлемінде ірі тапсырыстар қабылдайды. Кәсібін дамыту үшін «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқып, сертификатқа ие болады. 2021 жылы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасынан 200 АЕК көлемінде грант ұтып алып, тұрақты жеке кәсіпкер ретінде жұмысын жалғастырады. Өткен жылы Нарынқол ауылында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында ұйымдастырылған көрмеде өз өнімін таныстырып, нәтижесінде Қонаев қаласында өтетін облыстық көрмеге жолдама алады. Облыстық көрмеде 70 кәсіпкердің ішінен үздік ондық қатарына ілінеді. Аталмыш ондықтың ішінен шын үздіктерді тағы іріктейді. Шеберлігімен көш бастаған Фариза бұл жолы да үздік үштік қатарынан көрінеді. Ол өз өнімін нәтижелі қорғап, ақырында 5 млн теңгелік грант иегері атанады.
    «Еңбек – бәрін жеңбек», демекші, тынымсыз тіршілік пен ізденістің арқасында мемлекеттің қолдауына ие болып, кәсібін дөңгелетіп отырған нәзік жанның алға қойған мақсаты да биік. Биыл Қайнар ауылынан кондитерлік цех ашуды мақсат етіп отыр. Кондитерлік цех ашар болса, 3-4 адамды жұмыспен қамтып, игілікті іс жасайтыны тағы бар. Кәсіпкердің ойға алған жоспары сәтті орындалса, аудан дүкендерінен «Сафи тәттілерін» жиі кездестіретін боламыз.
    Фариза – тек кәсіпкер емес, үлкен әулеттің келіні, көпбалалы ана, адал жар. Бір қуантатыны, ауданымызда үй шаруасы мен іскерлікті қатар алып жүретін арулар қатары көбеюде. Мұның сыры – отбасы­лық қолдауда. Кәсіпкердің жұбайы Айбек келіншегінің әр бастамасына қолдау білдіріп, әркез жанынан табылады. Бала тәрбиесіне жәрдемдесіп, ақылын айтып, бағыт-бағдар нұсқайтын екінші анасы Советай Құдиярбекқызының да көмегі зор. Енесінің қолдауы келіні Фариза үшін үлкен шабыт пен қуат көзі сынды.
    Кәсіптің көзін тапқан Фаризаның еңбегі жанып, ойына алған ісі орындаларына кәміл сенеміз. Өйткені шын талаптанған жан мақсатына жетпей қоймасы анық.

    Ақерке БИЖАН,
    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Әрқашан күн сөнбесін

    Әрқашан күн сөнбесін

    1 year ago
    Ғұламаның ғұмырын бейнелеген

    Ғұламаның ғұмырын бейнелеген

    11 months ago
    Тоңдырды бізді…

    Тоңдырды бізді…

    1 year ago
    Шаруашылығы шалқыған

    Шаруашылығы шалқыған

    4 months ago
    Алматы облысында жыл басынан бері 1 314 адамды ит қапқан

    Алматы облысында жыл басынан бері 1 314 адамды ит қапқан

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>