-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа адам – жаңа қадам

    10.02.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Жаңа адам –  жаңа қадам
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

          Астана төрінде өткен «Жаңа адамдар» жастар форумы Қазақстанның азаматтық қоғамы үшін маңызды алаңға айналды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет белсенді жастармен ресми емес, еркін форматта кездесті. Мұнда қатаң хаттама да, ресми баяндамалар да болған жоқ, тек ашық пікірталас, батыл идеялар мен шынайы бастамалар көтерілді.

    Мемлекет басшысы жастар фору-
    м­ында еліміздің келешегі ойы ұшқыр, білімі терең, көзқарасы заманауи жастардың қолында екенін айрықша атап өтіп, олардың әр бастамасын қолдайтынын жеткізді. Осы орайда Президент қазақ үйрене­тін де, үйрететін де ұлт болуы керек екенін, жастар бойындағы ерік-жігерді елдің өркендеуіне жұмсау қажет екенін сөз етті.
    – Біз жұрттан көшілгері жүретін ел боламыз. Үйренетін де, үйрететін де ұлт боламыз. Жастар барлық өзгерістің бастауында тұрады. «Жаңа адамдар» – жаңа қоғамның айнасы. «Жаңа адамдар» – жаңа болмыс! Бұл – өз еліне адал жастардың қозғалысы! Біздің стратегиямызға қолдау біл­дірген сіздерге алғыс айтамын. Реформаларымыздың мән-маңызы ұрандарыңызда көрініс тапқан. Бұл өзгерістер Әділетті Қазақстанды құру, «Заң мен тәртіпті» қамтамасыз ету – тұжырымдамасына негізделген, – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.
    Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға қарата айтқан сөзінде отаншылдық сезімге, қоғамда «Заң мен тәртіп» үстемдігін орнатудың маңызына, «Таза Қазақстан» экологиялық акция­­сының идеологиялық мәніне тоқтал­ды. Мемлекет басшысының пікірін­ше, ел үшін адал қызмет ету – жауапкершілік алудан қорықпай­тын, батыл азаматтардың қолынан келетін іс.
    – Жастарға барлық мүмкіндік жасалып жатыр. Қазақстан – балалар мен жастарға жан-жақты қолдау көрсететін әлемдегі аз елдің бірі. Дүниеге келген әр сәби бірден ұлттық бағдарламалардың қатысушысы­на айналады. Өздеріңізге мәлім, екінші жыл қатарынан Ұлттық қор табысының бір бөлігі балалардың есепшотына түсіп жатыр. Кәмелет жасына толғанда олар жинақталған қаржыны оқуға немесе баспана алуға жұмсай алады. Бес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» бағдарламасы іске қосылды. Бұл жүйе ата-аналар үшін өте қолайлы. Сол арқылы балаларының болашақта алаңсыз білім алуына қаражат жинайды. Әр бала алты-жеті жас­тан бастап мектепте тегін білім алады. Мұның бәрі – мемлекеттің міндеті. Бірақ әлемнің барлық елінде дәл осылай емес. Барды бағалау маңызды. Біздің жетістіктеріміз баршылық. Елімізде бастауыш сынып оқушыларына тегін тамақ берілетін болды. Оқушыларымыз мемлекет есебінен әртүрлі үйірмелер мен секцияларға қатыса алады. Мектеп түлектерінің жоғары оқу орнына немесе колледжге грантқа түсу мүмкіндігі зор. Соңғы жылдары грант санын айтарлықтай ұлғайттық.
    «Болашақ» бағдарламасымен мың­даған жас шетелде білім алуда. Олар Қазақстанға келген соң ел дамуына үлес қосады.
    «Президенттік жастар кадр резерві» сұранысқа ие жобаға айналды. Келешекте мемлекетті басқару­шылар­дың негізгі легі осы жас маман­дардан қалыптасады. Саяси реформалар аясында Мәжіліс пен мәслихаттарда жастар үшін арнайы квота енгізілді. Бұл өкілдік билік қызметіне тың серпін берді. Осы жерге жиналған білімпаз, отаншыл жастар мәслихаттың немесе Парламенттің құрамына кіретіні­не, тіпті Үкіметте жұмыс істейтініне кәміл сенемін. Жас кәсіпкерлер мен отбасыларды қолдауға айрықша мән беріледі. Мысалы, бизнесті дамытуға және баспана алуға жеңілдікпен несие беру қарастырылған. Бұл балалар мен жастардың өмірден өз орнын табуына жағдай жасауға бағытталған бағдарламалар мен жобалардың бір парасы ғана, – деді Президент.
    Мемлекет басшысының сөзінше, елімізде түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген, заман талабына сай білікті мамандар өте көп. Сол үшін Қазақстан экономикасының жеделдете дамуына, азаматтардың әл-ауқатының өсуіне шешуші үлесті тек адам капиталы қоса алады. Ал жастар сол адам капиталының негізгі күші саналады. Мемлекет басшысының сөзінше, дарынды азаматтардың арқасында бүкіл әлем жұртшылығы Қазақстанды талантты әрі еңбекқор адамдардың елі деп тануда. Бұл ретте мемлекет креативті индустрияның дамуына барынша ықпал етпек. Қазір арнайы қор құрылуда, ол әдебиет, музыка, кино, сериал және компьютер ойындарына қатысты жобаларды жүйелі түрде қолдайтын болады. Жастардың қарым-қабілетін көрсетуіне бұл керемет мүмкіндік. Осы ретте Президент:
    – Ең бастысы, адал еңбек етіп, адал табыс табу, яғни, адал азамат болу. Биыл – Жұмысшы мамандықтары жылы. Біз қоғамда еңбек адамының абырой-беделін көтеріп жатырмыз. Еңбек культін қалыптастыру – аса маңызды міндет. Кез келген жұмыс – қадірлі. Әсіресе, жұмысшы мамандықтарын игерген жастарымыз зор құрметке лайық, – деп атап өтті.
    Қасым-Жомарт Кемелұлы сөзін қорытындылай келе, Қазақстанды көркейту қастерлі парыз екенін атап өтті. Берекелі бірлік пен жас­тардың жасампаздық қуатының арқасында Әділетті Қазақстанды бірге құратынымызға сенім білдірді. Қазақстанның жастары – жасампаз, тың идеялар мен игі бастамалардың бар екенін айтқан Президент форум атмосферасын сезіне отырып, қатысушылардың сөздерін тыңдап, кеудесін мақтаныш кернегенін де жасырмады. Қазақстанның болашағына деген сенімі нығая түскенін де қуана жеткізді.
    – «Жас келсе – іске» деп бекер айтпаған. Еліміздің келешегі – ойы ұшқыр, білімі терең, көзқарасы заманауи жастардың қолында. Мен Президент ретінде Сіздерге зор үмітпен қараймын, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
    Форумда «Жаңа адамдар» жастар қозғалысының Алматы кампусының жетекшісі Владимир Изюмников, қозғалыстың баспасөз хатшысы Алпамыс Әбілов, «Тұмар» азаматтық науқанының жетекшісі Ғалия Тузен, «Халық қаһары» азаматтық науқанының жетекшісі Әлихан Сәрсенов, «Antitrash» азаматтық науқанының жетекшісі Бауыржан Аманов сөз сөйлеп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформаларға қолдау білдірді.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Президент әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар тапсырды

    Президент әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар тапсырды

    1 month ago
    Алматы облысы: Мәжілісмендер азаматтарды қабылдайды

    Алматы облысы: Мәжілісмендер азаматтарды қабылдайды

    1 year ago
    “Бүгінгі студент – шынайы, қарапайым, еркін”

    “Бүгінгі студент – шынайы, қарапайым, еркін”

    2 years ago
    Президент Алматы облысындағы әскери оқу-жаттығу жиынына барды

    Президент Алматы облысындағы әскери оқу-жаттығу жиынына барды

    2 years ago
    Саяси науқанда өз еркін білдірді

    Саяси науқанда өз еркін білдірді

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>